Сексеуілдік жолшыға құрмет көрсетілді

Аймақтар
31.10.2023, 09:47
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Саналы ғұмырының аттай 45 жылын теміржол саласына арнаған Киікбай аға Сексеуіл станциясында тұрады. Жуырда дистанция ұжымы тәжірибелі жол жөндеушіні үлкен құрметпен зейнет жасына салтанатты түрде шығарып салды.

Елдос Жеткербай басқарып отырған Сексеуіл жол дистанциясының басшылығы мен әріптестері түгел бас қосқан жиында «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, әріптестері мен шәкірттері Киікбай ағаның қадір-қасиеті мен жұмысқа адалдығын, тәжірибесін тілге тиек етіп, алғыстары мен ақ тілектерін жеткізді.  

– Алғашқы еңбек жолын 1978 жылы Қазалы жол дистанциясының Сексеуіл телімінде бастаған Киікбай Алтаев ағамыз бір орында тапжылмай 45 жыл еңбек етіпті. Бүгінде ұлы Файзулла да Сексеуіл жол дистанциясында жол жөндеуші болып әке жолын жалғастырып жүр. Тек әулет жалғасы емес, тәжірибелі жолшы тәрбиелеген шәкірттерінің бірі. Отбасындағы үш баланың ішінен икемі бар деп Киікбай аға осы ұлын таңдап алып өзі үйретіп, мынау деген жолшы етіп шығарды, – деді дистанцияның кәсіподақ ұйымы төрағасы Көбейсін Рысмамбетов.  

Салтанатты жиында Киікбай Алтаевқа дистанция басшылығының алғысы мен құрметі білдірілген адресат табыс етіліп, иығына кәсіподақ ұйымы әзірлеген шапан жабылды. Одан бөлек ұжымның, әріптестердің сый-сияпаты бір бөлек.  

– Жастай еңбекке араласып, талай өзгерістерге куә болдық. Салалық кәсіптің алғашқы кезеңдерінде барлық жұмысты жалаң қолмен жасайтын заманды да өткіздік, қазір көп жұмыс техниканың күшімен атқарылып, жол саласы дамып жатыр. Жұмыстың дені техниканың күшімен жасауға көшірілсе де рельс жағалап жүріп жолдың бабын жасайтын жол жөндеушілердің орны бөлек, оған шектеу болмауы керек деп ойлаймын. Бүгін міне еңбегімді елеп, мені шығарып салуға арнайы келген басшылық пен әріптестерімнің құрметіне алғыс білдіремін, – дейді дистанцияның су жаңа зейнеткері.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда