Шиелі станциясында үздік теміржолшылар марапатталды

Аймақтар
13.11.2023, 12:28
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылордалық теміржолшылар пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру мақсатында Шиелі станциясында тораптық жиын өткізді.  

Жиында былтыр орын алған кемшіліктер сараланды, биыл қайта қайталанбау жолдары қарастырылды, ұсыныстар тыңдалып еркін форматта пікірлесіп қауіпсіздіктің сақталуына сүбелі үлес қосып жүрген, күзгі комиссиялы тексеру кезінде үлгілі ісі, озық тәжірибесімен ерекшеленген теміржолшылар және де өздеріне бекітілген бекеттерге шептік қолдау жасаған мекеме басшылары да бөлімше басшылығы мен кәсіподақ ұйымы атынан марапатталды.

Қауіпсіздік жиынына Қызылорда ЖТ бөлімі бастығының орынбасары Бекжан Өтеулиев, "Қазкөліккәсіп" ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы Бауыржан Ахметов, Қызылорда ЖТ бөлімі кәсіподақ ұйымның төрағасы Мұхтар Көпірбаев, Қызылорда жол дистанциясының бастығы Марат Оңалов, Шиелі станциясы басшысының орынбасары Нұрғали Бекжаппаров, Шиелі вокзалының басшысы Алмат Досымов, Қазалы вагон пайдалану депосы бастығының орынбасары Шалқыма Мекебаев, қозғалыс қауіпсіздігі ревизорлары аппаратының өкілдері және станциядағы салалық мекемелердің теміржолшылары қатысты.

Қауіпсіздік күніне орайластырылған тораптық жиында пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында өткен жылғы көрсеткіштермен биылғы атқарылған жұмыстарға сараптама жасаған Бекжан Өтеулиев кемшіліктердің орын алуына жол бермей, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтауды артыруға шақырды. Орын алатын кемшіліктер теміржолшылардың кәсіби міндетіне немқұрайлылық танытуы салдарынан, тапсырманы орындаудағы салғырттық, машинистердің станция кезекшілерімен сөйлесу регламентін сақтамауы, тапсырмалардың орындалуындағы ағаттық секілді себептер қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына әкеліп соқтыратыны ортаға салынды. Және де жұмысымды білемін, кез-келген жолдан өтіп кетемін деп өзіне сенімділік танытатын теміржолшының қателігі қауіпсіздіктің бұзылуына себепкер болатындығы айтылып, мұндай көзсіз батырлықты жасауға әрекеттену үлкен қателікке ұрындыратыны қатаң ескертілді.

«Тораптық станциядағы әріптестеріміздің жағдайын көзбен көріп, көкейге түю үшін бүгін сіздермен кездесіп, пікірлесіп, ұсыныстарыңызды тыңдауға келіп отырмыз. Бәріміздің мақсатымыз пойыз қозғалысының қауіпсіздігі, барлығымыз осы салада жұмыс істеп, тіршілік кешіп отырғандықтан басты міндетіміз осы қауіпсіздік пен адам өмірінің амандығын сақтау, яғни теміржолшы еңбегінің қорғалуын қадағалау. Бүгінгі жиынға мекеме басшылары, кәсіподақ ұйымы төрағалары, ревизорлар аппаратының өкілдері арнайы шақырылды. Егер жұмыс барысында жасап жатқан әрекетіңе сенімді болмасаң, ісіңнің қауіпсіздікті сақтау талаптарына кереғар екенін аңғарсаң, не екі ойлы болсаң, дереу ол әрекеттен бас тартып басшыға хабар беру керек, тіпті тәулік бойы менің өзіме тікелей шығып хабардар етіңіздер. Жұмысқа қатысты сауалдар болса, мүмкіндігімізге орай осы жерде мәселенің оң шешілуіне жол іздестіреміз де, сұрақ деңгейі біздің жауапкершілігімізге жатпайтын болса оның жауабын беру үшін тиісті инстанцияларға хабарлайтын боламыз. Сонымен қатар, кешегі өткен комиссиялы тексеру кезінде үлгілі ісі, озат тәжірибесімен ерекшеленген теміржолшыларды «ГП-Қызылорда бөлімшесі» филиалының директоры Батырхан Базарбаев пен кәсіподақ ұйымы төрағасы Мұхтар Көпірбаевтың атынан, «Қазкөліккәсіп» ҚБ аймақтық фииалының төрағасы Бауыржан Ахметовтың атынан құрмет грамотасы табысталып, қаржылай қолдау білдірілді», – деді филиал бастығының орынбасары Бекжан Өтеулиев.  

Қауіпсіздік жиынында қауіпсіздік мәселелерімен қатар бекеттердің санатына қарай еңбекақының тиісті үстемелерін төлеу мәселесі де сөз болды. Өз кәсібіне аса жауапкершілікпен қарау нағыз теміржолшыға тән қасиет. Кемшілік жіберіп алатындармен салыстырғанда жүрген жері, атқарған ісі тап-тұйнақтай болатын әріптестеріміз қашанда өзгелерге үлгі саналады. Кешегі күзгі комиссиялы тексеруге өздеріне сеніп тапсырылған техникаларды, қызметтік ғимараттарды талапқа сай таза ұстағаны үшін бірнеше теміржолшы, шектік көмекке бекітілген бекеттері жоғары деңгейде әзірлегені соларға қарасты аумақтарды көркейіп, көгалдандырып үлгілі ұстағаны үшін, тасымалдау жұмысына сапалы дайындығы үшін Арнауыт Сыздық басқаратын Шиелі өрт сөндіру пойызы мен Аққұм станциясының ұжымы құрметке бөленді.

«Теміржол саласындағы елеулі еңбегімен аймақтың дамуына үлес қосып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбек жағдайларын жақсарту жағынан маңызды қызмет атқарып, күзгі комиссиялы тексеруге еселі дайындығы үшін Қызылорда жол дистанциясы Шиелі телімінің жол жөндеушісі Палмахан Қайымов, мотовоз машинисі Байсал Көпешбаев, жасанды құрылыс цехының бригадирі Айнакүл Есенбекова, Қызылорда белгі және байланыс дистанцисянан электромеханик Бақытжан Сүгүрбаев, СОБ электромонтері Нұрмахан Омаров, КТСМ электромеханигі Абзал Қуандықов, станция кезекшілік Әлижағыпар Шауенов, парк кезекшісі Асылдандыру Сәрсенбаев, Машинистер ұйымынан машинист-нұсқаушы Серікжан Ибраев, химиялы су дайындаушы Сейдсәлім Хазуев, жөндеу слесары Мырзабай Өтебаев, вагоншылар ұжымынан вагон қараушылар Ақтөбе Аяпберген, Айдар Өтепберген мен Кенжехан Әбдіровтерге бөлімше басшылығы мен кәсіподақ ұйымы атынан құрмет грамотасы мен қаржылай көтермелеу сыйлығы табысталды», – деді "Қазкөліккәсіп" ҚБ аймақ филиалы төрағасы Бауыржан Ахметов.

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті