Атырау магистральдық желі бөлімшесі мен колледж арасында меморандум жасалды

Аймақтар
14.11.2023, 10:28
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау аграрлы-техникалық колледжінде темір жол мамандарын даярлайтын бөлім бар. Аймақ теміржолына орта буын мамандар даярлайтын оқу орны теміржол бөлімшесімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Теміржол саласына орта буын мамандар дайындау қашан да күрделі мәселе болды. Себебі өндірісте жұмыс істеп, сала жұмысының ең маңызды қызметін атқаратын осы орта буын кәсіби мамандар екені белгілі.  

Жуырда колледждегі Қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оқу барысында маңызды шешімдерді қабылдайтын мәселелер қаралды. Соның бірі – темір жолдың болашақ мамандарын өндірістік тәжірибеден өткізу және оқу бітірген соң салаға тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал жасау.  

Соған сәйкес мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша шефтік қамқорлыққа алу туралы оқу орны мен Атырау магистральдық желі бөлімшесі арасында меморандум жасалды. Оған колледж директоры Ислам Жанұзақов пен Атырау магистральдық желі бөлімшесі персоналмен жұмыс бөлімінің бастығы Анар Жалғаспаева қол қойды.  

Меморандумның негізгі мақсаты студенттерге кәсіптік іс-тәжірибе ұйымдастыру, шеберханалар мен зертханаларды заманауи жабдықтармен жарақтандыруға көмектесу, теміржолшы мамандар мен өндірістік оқу шеберлерінің тағылымдамасын ұйымдастыру, білім беру және өндіріс саласында ынтымақтастық орнату, т.б. Яғни студенттер оқу кезінде өндірістен жақсы тәжірибе алып, оны аяқтаған соң мамандығы бойынша жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасау.  

О.Көшеков атындағы колледжде жол, белгі беру және байланыс, электрмен қамтамасыз ету, локомотив және вагон шаруашылығының орта буын мамандары дайындалады.  

Өндірістен келген, бұрынғы теміржолшылар, ал бүгінде колледж ұстаздары Гүлайым Есенғалиева, Гүлсара Қабдолова, теміршолшы-машинист Нұрлан Қорғанбаевтың айтуынша, осы мамандық бойынша жыл сайын елу шақты студент бітіріп шықса, олардың өңір темір жолының әр саласына жұмыс орналасуға мүмкіндігі бар және орналасып та жатыр. Биыл «Теміржол көлігінде қозғалысты басқару және ұйымдастыру» факультетінде білім алып жатқан 65 студент диплом алып өндіріске жол тартпақ.  

 

Аймақтар
01.09.2026
Абай облысында Жалаңашкөл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.09.2026
ҚТЖ оқушыларды темір жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Цифрландыру
01.09.2026
Цифрландыру – басым бағыт
Аймақтар
01.09.2026
Жамбыл өңіріндегі теміржол байланыс жүйелері қалай жаңарып жатыр?
Жүк тасымалы
01.09.2026
Теміржол маусымның алғашқы миллиондық астығын тасымалдады
Аймақтар
01.09.2026
Сексеуілдік жолшылар жеткен жетістік
Аймақтар
01.09.2026
Тарихпен бірге жасасқан...
Әлеумет
01.09.2026
КТЖ еріктілері шалғай станциялардағы 730 бірінші сынып оқушысына мектеп жиынтықтарын жинап берді
Аймақтар
01.09.2026
Маңғыстаулық мерейлі отбасы
Әлеумет
01.09.2026
Алпамыстар мектепке барды
Жаңалықтар / Мұрағат
01.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №69 01 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
31.08.2026
Тағы төрт теміржол вокзалы қайта жаңартудан кейін ашылды
Әлеумет
31.08.2026
Теміржолшылардың 8 мыңнан астам баласы Қазақстан сауықтыру лагерлерінде демалды
Аймақтар
31.08.2026
Қостанайда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Еліміздің үш өңірінде бес теміржол вокзалы жаңартудан кейін қайта ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Өскемен-1 вокзалы жаңартудан кейін ашылды
Аймақтар
31.08.2026
Тереңөзек станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Әлемде
31.08.2026
Беларусь елі теміржол арқылы жүк тасымалдау тарифін көтерді
Жаңалықтар
29.08.2026
Стратегиялық серіктестік векторы: Теміржолшылардың халықаралық байқауы
Жаңалықтар
29.08.2026
ҚТЖ және Huawei Қазақстан темір жолдарын цифрландыруды күшейтуде