Шорнақ-Түркістан телімінде екі тараптық автобұғаттау жасалды

Аймақтар
15.11.2023, 15:23
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының Шорнақ-Түркістан телімінде екі тараптық автобұғаттау жүйесінің монтажын шалқар әдісін қолдану арқылы жүзеге асырылды.

Дистанцияның өндірістік бөлім басшысы Нұрлан Жәнібеков нысанаға алынған шаралардың техникалық талапқа сай жүргізіліп, толық аяқталғанын білдірді. Жалпы «Шалқар тәсілі» бойынша екі тарапты автобұғаттауды осы әдіспен  жасау дегеніміз, егер жол екі жолақты перегон болған жағдайда екі жолдың біріне күрделі жөндеу жасалатын жағдайда немесе өзге де жағдайлар туындағанда аз ғана уақыт ішінде автобұғаттау құрылғыларын жұмысқа дайындап, пойыздар қозғалысын ұйымдастыру болып табылады.    

– Біздер бұл тәсілмен бұған дейін де жұмыс жасадық. Бүгінгі жұмыс ауқымды болғандықтан бұл жолы бізге Арыс белгі беру дистанциясы көмекке келіп, олармен бірге Шорнақ – Түркістан перегонының екі тараптық автобұғаттау жүйесінің монтажын жасадық.  Шорнақ электрлендірілген орталығы постында Шорнақ – Түркістан учаскесіндегі 14 релелік шкафты монтаждау жұмыстары аса ыждағаттылықты қажет етті. Атқарылған жұмыстар учаске басшылары Мақсұт Өмірзақов пен Руслан Ермахановтың қадағалауымен жүргізілсе, оларға басты көмекті техникалық құжаттама тобының жекетшісі Нұрлан Аймахан мен сенімділік тобының басшысы Рүстем Жасыбеков көрсетіп, құрылғылардың технологиялық талаптарға сай монтаждалуын бақылап отырды. Бұл дистанция бойынша атқарылған ауқымды жұмыс болғандықтан жұмысшылардың ас-суын, ыстық тамағын Ғалия Қожахметова бастаған кәсіподақ ұйымының мүшелері әзірлеп әкеліп, әріптестеріне қолдау білдірді, – деді өндірістік бөлім басшысы Нұрлан Жәнібеков.

Жалпы биыл Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясы телімдерінде ауқымды жұмыстар атқарылыпты. Мәселен жоғары жиіліктегі Raisekom (Роиском) оптикалық талшықты заманауи сандық байланыс құрылғысының жұмысқа енгізілуі, Бесарық-Сауран учаскесінде екі тараптық автобұғаттау жүйесінің монтаждау кезінде Екпінді станциясындағы модульдік электрлендірілген орталықтың пайдалануға берілуі, т.б. дистанциялықтардың сапалы еңбегінің көрінісі.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда