«Қаратау-Жаңатас» телімі қашан жаңарады?

Аймақтар
15.11.2023, 15:29
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Кезінде фосфор өндірісін игеру мақсатында салынған Жамбыл-Қаратау-Жаңатас теміржолының салынғанына биыл 65 жыл. Жалпы ұзындығы 175 шақырымды құрайтын осы жол арқылы еліміздегі ірі химия кәсіпорындары – «Қазфосфат» және «ЕуроХим» компаниялары аймақтағы жүк тасымалының 60 пайызын қамтамасыз етіп отыр.

Дегенмен, көп жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген телім тоза бастаған. Соңғы жылдары облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруде маңызды рөл атқаратын өндіріс орнына тартылған телімді жаңарту қажеттігі жиі көтеріліп жүр. Нәтижесінде өткен жылдан бастап жекелеген учаскелерде күшейтілген орташа жөндеу, ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады.    

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Жүк тасымалы» ЖШС филиалы Жамбыл бөлімшесінің мәліметінше, алдағы уақытта осы «Қаратау-Жаңатас» теліміндегі 22 шақырым жолға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде  телімде пойыздар жылдамдығын сағатына 10-20 километрге көтеріп, жүк тасымалының әлеуетін арттыру көзделуде. Көлік-логистика саласын дамытудың стратегиялық маңызы да осында. Жүк тасымалындағы басым бағыттардың бірі саналатын телімде жол сапасы жақсарса, жүк жөнелтушілердің көліктік шығындары да айтарлықтай үнемделетіні айтпаса да түсінікті.

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің Жамбыл-Қаратау-Жаңатас телімі бойынша қадағалау жұмыстарын жүргізетін Жамбыл жол дистанциясының директоры Жүнісбек Табулдиевтің сөзіне сүйенсек, бұл бағытта жөндеу жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізуге мүмкіндік бар екен.

«Былтыр Жамбыл-Қаратау арасындағы жолға күшейтілген орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жылдамдықты сағатына 60 шақырымға көтеруге мүмкіндік туды», – дейді Ж.Табулдиев.

Осы жылы Қаратау-Жаңатас аралығындағы Шабақты-Табақбұлақ арасындағы 124-144 шақырым жолдың 20 шақырымына жөндеу жұмыстары жоспарланған. Ал Жамбыл мен Жаңатас аралығындағы Бурыл, Шайқорық, Аса, Жұма, Тамды, Қаратау, Ақтаутас, Табақбұлақ, Шабақты, Бугун станциялары аралығындағы жолдар кезең-кезеңмен жөндеу кезегін күтіп тұр.  

Жол сапасын жақсартып, жүк тасымалының әлеуетін арттыру арқылы Жамбыл бөлімшесі Жамбыл өңірінің индустриялық аймағындағы «ЕвроХим Қаратау» ЖШС, «ЖЦПК» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Балқашцветмет» ӨА сынды ірі компаниялардың есебінен жүк тиеуді екі пайызға өсіруді көздейді. Сондай-ақ экспорттық айналымды бір пайызға көтеру және «Бірлік-2» станциясын және Сарышаған станциясындағы құм кептіру шаруашылығын қалпына келтіру жоспарланып отыр.  

Жүк тасымалы демекші, былтыр Жамбыл-Қаратау-Жаңатас теміржолы арқылы «Қазфосфат» ЖШС 830 мың тонна жүк тасымалдаған. Мамандар бұл көлем 2024 жылдың басына дейін 1 миллион 200 тоннаға жететінін айтады.  

Алдын ала болжамға сүйенсек, фосфор шикізатына деген сұраныс жылына орта есеппен 4,7 есеге (37 пайыз) өссе, 2027 жылы 9,6 миллион тоннаға дейін артады деп күтіліп отыр.

Кәсіпорын басшылары болжалды кезеңге дейін күкірт қышқылына деген сұраныс та артатынына сенімді. Есеп бойынша жылдық өсім 31 пайызды құрап, 5,2 миллион тоннаға жетеді. Олай болса, жақын жылдарда-ақ жүк айналымы артып, ай сайын кемі 25-40 жүк пойызы жүреді деген болжам бар.  

 

Жаңалықтар
27.03.2026
ҚТЖ Бішкектегі ШЫҰ темір жолы басшыларының VI кездесуінде
ҚТЖ келбеті
27.03.2026
Темірден түйін түйген
Әлеумет
27.03.2026
Салт-дәстүр төрге озған күн
Жаңалықтар
27.03.2026
Дирекциядағы думан
Аймақтар
27.03.2026
Ұлық мереке көркі – ұлттық ойындар
Аймақтар
27.03.2026
Маңғаз Маңғыстауда
Аймақтар
27.03.2026
Атырау теміржолшылары Ұлыстың ұлы күнін атап өтті
Аймақтар
27.03.2026
Сәні мен салтанаты жарасқан
Аймақтар
27.03.2026
Түрксіб саябағындағы серуен
Аймақтар
27.03.2026
Теміржолшылар ауылында
Аймақтар
27.03.2026
Индираның наурыз көжесі
Жаңалықтар / Мұрағат
27.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №22-23 27 наурыз 2026 жыл
Аймақтар
26.03.2026
Донор бол – өмір сыйла!
Аймақтар
26.03.2026
Наурыз айы туғанда...
Жүк тасымалы
26.03.2026
Қазақстан ұны Америка нарығына жол тартты
Аймақтар
26.03.2026
Асығы алшысынан түсті...
26.03.2026
ҚТЖ-дағы тіл саясаты: Теміржолшылардың тәжірибесі жоғары бағаланды
Аймақтар
26.03.2026
Қызылордада күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр
Аймақтар
26.03.2026
Теміржолшылар ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті
Әлеумет
26.03.2026
Наурызнама онкүндігі аясында қайырымдылық акциясы өтті