Жамбыл бөлімшесінде биыл 12 қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайы тіркелді

Аймақтар
20.11.2023, 14:51
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл ЖТ  бөлімшесінде «Вагонның автотіркегіш құрылғысын ерекше бақылау» айлығы жарияланды. Осыған орай Жамбыл жол бөлімшесінің басшыларына жоспарлы іс-шараларды ұйымдастыру, барлық бақылау жұмыстарын үйлестіру жүктеліп отыр.  

Бір ай көлемінде өтетін іс-шараға бөлімшеге қарасты вагон пайдалану деполарының командалық-нұсқаушы құрамы түгел тартылып, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кедергілердің алдын алуға атсалысады. Бұл туралы Жамбыл вагон пайдалану депосында өткен жиында жан-жақты айтылды. Оған бөлімшенің барлық құрылымдарының басшылары мен жауапты мамандары қатысып, айлыққа қатысты мәселелер талқыланып,  келісілді.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл бөлімшесі филиалы бастығының бірінші орынбасары Мақсатбек Қазақбаевтың айтуынша, биыл 12 қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайы тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда вагондардың кідіру фактілері артқан. Былтыр 3 жағдай, апаттық жағдай тудыратын 5 оқиға орын алған.

Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі орын алған оқиғалар бойынша зерделеу, талдау жұмыстарын жүргізген. Соның ішінде жылдамдықты мөлшерден тыс арттыру, теміржолға шығып кеткен малды басып кету жағдайлары, орталықтандырылмаған бағытқа шығып кетуі секілді жайттардың себеп-салдары айқындалған. Мақсатбек Айтмұрзаұлы тепловоз және электровоз машинистері жол үстінде байқаған кедергілерді дер кезінде диспетчерге хабарлап отыруы керектігін ескертті.  

«Мәселен теміржолдың белгілі бір бағыттағы жол телімінде мал басу оқиғасы тіркеледі, ал сол жолмен жарты сағат бұрын басқа электровоздың машинисі жүріп өткен. Егер ол теміржол бойында мал жайылып жүргенін алдын ала хабарласа, келесі пойыздың машинисі үшін жайсыз жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туады. Осындай қарапайым ескертпе-ережелерді әрбір машинист есте сақтауы тиіс. Сонда ғана біз қауіп пен қатердің алдын аламыз», – деді М.Қазақбаев.

Мақсат Айтмұрзаұлы Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінде пойыздар қозғалысы кезінде жол қауіпсіздігін жақсарту және тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету бағытында қолға алынатын іс-шараларға да тоқталып өтті. Машинистер орындауы тиіс нұсқаулықтарды түсіндірді.  

Жалпы қозғалыс және еңбек қауіпсіздігін сақтау үшін әр маманға үлкен жауапкершілік жүктелетіні белгілі. Алайда кей жағдайларда салғырттық орын алып, пойыздар құрамында жүк вагондарының автотіркеме құрылғыларының кідіруі орын алуда. Айталық, есепті кезеңде өңірлердегі жол бөлімшелерінде пойыздар құрамындағы жүк вагондарының автотіркеме құрылғыларының кідіру жағдайлары жиілеген.  

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі басшысының орынбасары Мұхит Жолдасбаев ұлттық компанияның жұмысы жүйелі жүруі – осы саладағы әр маманның, яғни әр теміржолшынынң өз міндетін жауапкершілікпен орындауына тікелей байланысты екенін жеткізді. Жүк тасымалы болмаса, әр пойыз діттеген жеріне уақытылы жетпесе, компанияға табыс түспейтіні түсінікті. Ал табыстың төмендеуі компаниядағы еңбек күшін оңтайландыруға әкеліп соғуы мүмкін. Осыны түсіндірген Мұхит Несіпбекұлы шлагбаумда тұрған кезекшіден бастап, пойыз құрастырушы, белгі беруші, жолшы,  машинист... т.т. өз ісіне адал көзқараспен, жауапкершілікпен қарап, бірлесе жұмыс істеуі аса маңызды екенін атап өтті.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды