«Білім экспресі» Маңғыстауда

Аймақтар
23.11.2023, 12:55
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Батысты аралап жүрген «Білім экспресі» жобасы Маңғыстауға да келіп жетті.

ҚТЖ компаниясының ішкі тренерлерінен құралған «көшпелі мектеп ұстаздары» екі күн бойы түбек теміржолында түрлі бағыт бойынша сабақ өткізді.    

Тренерлер сапалы қарым-қатынас орнату, күйзеліспен күресу, кикілжіңдерді басқару сынды тақырыптарда дәріс оқып, оны аймақ теміржолшыларына түрлі әдіс-тәсілдермен түсіндірді. Семинар-тренингке қатысқан Маңғыстау қосалқы бөлімінің бастығы Нәжімеден Ғұбашов: «Бұл семинар тақырыбының өзектілігі қазіргі заман талабына сай болуында. Жанжалдарды шешу, стреске тұрақтылықты және тұлғалардың коммуникативтік қасиеттерін дамыту, әлеуметтік күйзелістер мен қақтығыстарды болдырмау мақсатында тұлғаның қажетті қасиеттерін қалыптастыруды көздейтін трениг барысында осы аталған қасиеттерді қызметтік дағдыларымызбен ұштастыруға ұмтылуымыз керек», – деп атап өтті.  

«Білім экспресін» бастап келген Ұлттық компанияның адами ресурстарды басқару жөніндегі HR бизнес-серіктесі Алма Саулебаева қатысушылардың тақырыпқа қызғушылықтарын оятып, ә дегенен баурап алды.  

– Кейбір кезде адамды адам түсінбейді немесе ол өз ойын дұрыс жеткізе алмай қалады. Біреулердің өмірінде, үйінде неше түрлі жағдай болады. Сондай жағдайда стрестен қалай шығу керегін талдайық. Қарым-қатынасты қалай нығайтамыз, бір-бірімізбен араласуда қандай қиындықтар бар, соларды қарастырамыз. Қазір адамдар қарапайым сөйлесуден, араласудан қалып бара жатыр, көбіне тек телефонмен байланысамыз. Оның өзінде қысқа, шолақ сөздермен сөйлесеміз. Бұрынғыдай еш себепсіз жақыныңның үйіне бару да жоқ. Негізінде адамның қарым-қатынастағы жылулығын еш нәрсе бере алмайды. Мысалы, сіз тәжірибелі теміржолшысыз, жұмысқа қабілетіңіз де жақсы. Дегенмен бұл аз, сізге жеке бастың адами қасиеттерін меңгеру, көтеру де қажет. Қарым-қатынас керек. Бағдарлама сол үшін ұйымдастырылған. Бүгінгі қоғам адамның тек білімін сұрамайды. Адами қасиеттерін, ортаға сіңімділігін де зерттейді. Өйткені ол өз ісінің маманы болғанмен, адамгершілігі болмаса, қасындағылармен араласпаса, жанжал шығарып отырса, ол ұжымның жетістіктеріне кері әсер етпек. Сондықтан бұл бағдарлама осындай қажетті білімді сіздерге беріп, жеткізуді көздейді, – деді Алма Тұрарқызы.

Оның айтуынша осы жылдың наурыз айында басталып, еліміздің әр аймағын қамтып, Маңғыстау өңірінде аяқталып жатқан жоба келесі жылы көкжиегін кеңіте түсіп, шалғайдағы станция, бекеттерде де жалғаспақ.    

Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.  

 

Жаңалықтар
27.03.2026
ҚТЖ Бішкектегі ШЫҰ темір жолы басшыларының VI кездесуінде
ҚТЖ келбеті
27.03.2026
Темірден түйін түйген
Әлеумет
27.03.2026
Салт-дәстүр төрге озған күн
Жаңалықтар
27.03.2026
Дирекциядағы думан
Аймақтар
27.03.2026
Ұлық мереке көркі – ұлттық ойындар
Аймақтар
27.03.2026
Маңғаз Маңғыстауда
Аймақтар
27.03.2026
Атырау теміржолшылары Ұлыстың ұлы күнін атап өтті
Аймақтар
27.03.2026
Сәні мен салтанаты жарасқан
Аймақтар
27.03.2026
Түрксіб саябағындағы серуен
Аймақтар
27.03.2026
Теміржолшылар ауылында
Аймақтар
27.03.2026
Индираның наурыз көжесі
Жаңалықтар / Мұрағат
27.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №22-23 27 наурыз 2026 жыл
Аймақтар
26.03.2026
Донор бол – өмір сыйла!
Аймақтар
26.03.2026
Наурыз айы туғанда...
Жүк тасымалы
26.03.2026
Қазақстан ұны Америка нарығына жол тартты
Аймақтар
26.03.2026
Асығы алшысынан түсті...
26.03.2026
ҚТЖ-дағы тіл саясаты: Теміржолшылардың тәжірибесі жоғары бағаланды
Аймақтар
26.03.2026
Қызылордада күрделі жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр
Аймақтар
26.03.2026
Теміржолшылар ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті
Әлеумет
26.03.2026
Наурызнама онкүндігі аясында қайырымдылық акциясы өтті