Бейнет түбі – зейнет

Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау белгі беру және байланыс дистанциясында тұп-тура 40 жыл еңбек еткен  Шолпан Туманова зейнет жасына жетіп отыр. Өткен аптада әріптестері онымен қимай қоштасып, көп жылғы еңбегіңіздің жемісін көріңіз деген тілекпен шығарып салды.  

Жастайынан бүкіл өмірін темір жолға арнап, соның ыстығына күйіп, суығына тоңып еңбек еткен Шолпан 1962 жылы Гурьев қаласында дүниеге келген. 1979-1983 жылдар аралығында Алматы қаласындағы теміржол көлігі инженерлері институтында білім алып, «Автоматика, телемеханика және байланыс» мамандығы бойынша бітіріп шығады. Еңбек жолын  Гурьев, қазіргі Атырау белгі беру және байланыс дистанциясында СОБ электромонтері болып бастаған күні бүгінгідей есінде. Атырау мен Дина Нұрпейісова станциясы аралығындағы СОБ қондырғыларының жұмысын, автоблоктау, байланыс жүйелерінің тұрақты қызмет жасауын қамтамасыз ететін дистанцияда 15 жылдай электромеханик болып еңбек еткен Шолпан 1998 жылы дистанция бастығының кадрлар жұмысы бойынша көмекшісі болып тағайындалады. Бірнеше жылдан кейін жұмысты ұйымдастыру және нормалау бойынша инженер-экономист қызметін атқарады. Ал зейнеткерлікке дистанцияның персоналдармен жұмыс бөлімінің менеджері лауазымынан шығып отыр.  

– Ол – өз жұмысын жақсы ұйымдастыра білетін сауатты маман. Оның іс тәжірибесі семинарларда көрсетіліп, басқаларға үлгі ретінде таратылды. Оңтайландыру саясатына байланысты Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің 40 маманын дистанцияның СОБ электромонтері қызметіне ауыстыру жұмыстары да осы кісінің жауапкершілігімен өте тиімді жүргізілді, – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесінің персоналдармен жұмыс бөлімінің бастығы Анар Жалғаспаева.  

Шолпан Туманова теміржол саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Болат жолдың даңқты еңбеккерлері-2012» Құрмет кітабына енгізіліп, 2021 жылы «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған. Отбасында бала-шаға өсіріп, немере сүйіп отырған асыл ана. Ұжымдастары оны зейнет жасына жетуімен құттықтап, ұзақ жыл бірге болған әріптестерімен қимай қоштасты.  

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады