Микропроцессорлық жүйе: әмбебап заманауи құрылғы

Аймақтар
07.12.2023, 10:03
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясының Жалағаш теліміндегі MP ASDC (МП-АСДЦ микропроцессорлық автоматтандырылған диспетчерлік орталықтандыру жүйесі) отандық өнім қолданыста.

Сырт қарағанда шағын ғана технология бір бөлмені алып тұрған толып жатқан стативтерді, реле, бағдаршам, түрлі сигналдар жүйесін ауыстыра алатын қауқары бар заманауи құрылғы екен. «ҚТЖ» АҚ-«ГСС Ақтөбе» филиалының өнімі MP ASDC жүйесі жайлы дистанцияның техникалық құжаттама тобының аға электромеханигі Нұрлан Аймахан таныстырды.  

– MP ASDC жергілікті жағдайларға бейімделу үшін икемді, әрі қарай көшіруге жарамды сенімді жүйе. Оны өндіріске енгізу нәтижесінде саланың диспетчерлік учаскелеріндегі қызмет ету мерзімі 40 жылдан асатын «Л-Нева», «ЧДЦ-66» құрылғылары алмастырылды. Бұл жүйе станциялардағы сигналдық құрылғыларды орталықтандырылған диспетчерлiк басқару арқылы жылжымалы құрамдардың қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында пойыздардың кесте бойынша өткізілуін, сондай-ақ жедел басқарудың заманауи принциптерiн iске асыра алады. Телімдегі барлық желілердің жұмысы MP АСДЦ құрылғысымен бақыланады, – деді аға электромеханик Нұрлан Аймахан.

Заманауи сандық жүйемен жұмыс жасауға негізделген МП АСДЦ байланыс құрылғыларының әрбір әрекетін, жұмысын тыңғылықты бақылауға алады, станция жолдарындағы пойыздардың қозғалысы олардың кіріс-шығыс уақыты, жылдамдығы секілді барлық әрекет құрылғы мониторында бедерленіп, көрсетіліп тұрады екен.

Жүйенің артықшылықтары айқын: шетелдік өндірушілерден тәуелсіз, айтарлықтай кеңейтілген функциялары бар технологиялық процестер өзгерген кезде кез келген өзгерісті жүйеге қосымша енгізу мүмкіндігі бар құрылғы.

– МП АСДЦ басқаруының нәтижесінде салалық, техникалық жарақтандыру және магистральдық желінің даму деңгейі көтерілген. Теміржол нысандарының жай-күйі және техникалық құралдардың жағдайы жақсартылды, учаскелердің өткізу қабілеттілігі артты, техникалық қызмет көрсету шығындары қысқарды және қозғалысты басқарудың жаңа мүмкіндігі туды, – дейді Жалағаш телімнің аға электр механигі Мақсат Аханов.  

Айтуынша, құрылғының арқасында станцияға аялдайтын жүк пойыздарының құрамындағы қанша вагонның Жалағаш бекетінде ажыратылатынын біліп отыруға да мүмкіндік бар екен. Жалпы құрылғы Сыр өңірінде қолданысқа енгізілгелі Жосалы-Қызылорда-Жосалы, Қызылорда-Шиелі, Шиелі-Түркістан учаскелерінде MP-ASDC жүйесінің микропроцессорлық автоматтандырылған диспетчерлік орталықтандыруы енгізілген. Телімдегі байланыс құрылғыларының күтімін тәжірибелі электромеханик Бақытбек Қанатбаев пен электромонтер Ерсұлтан Есенов жасап, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді.    

теміржолшылар байланыс құрылғыларына күнделікті ағымдық күтім жасап, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылмауына жұмыс жасап келеді.  

 

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті