Айман апаға алғыс айтты

Аймақтар
07.12.2023, 10:13
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Құлсары станциясының аға жүк қабылдап-жөнелтушісі Жұмағали Айман Дүйсешқызы теміржолда табаны күректей қырық жыл еңбек етіп, 1 желтоқсаннан бастап зейнетке шықты.  

Суреті Құрмет тақтасына ілінген, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған  майталман маманға алғыс айтып, құрметке бөлеген ұжымдастары «бейнетіңіздің зейнетін көріңіз» деген тілекпен шығарып салды.  

Гурьев ауыл шаруашылық техникумының есеп бөлімін бітіріп, бухгалтер мамандығын алған Айман апа еңбек жолын 1984 жылы жүк қабылдаушыдан бастап, Құлсары станциясында жүк кассирі, кейін жүк және багажды қабылдап-тапсырушы болып жалғастырады.    

«Айман Дүйсешқызы Теңіз станциясында жүк түсіру-тиеу жұмыстарын жүргізетін контрагенттермен және Құлсары станциясының темір жолы арқылы келіп жатқан жүктердің түсіру-тиеу жұмыстарымен айналысатын мекемелермен тығыз байланыста жұмыс істеді. Ауысымда 11 сағаттан еңбек етіп, күкірт, мұнай, пропан-бутан жүктері тиелген 7-8 составтан тұратын 700-800 вагонның сапасын тексеріп шығу өте жауапты жұмыс» дейді әріптестері. Сондай-ақ ол ұжымда беделді, сауатты маман ретінде жастардың ақылшы ұстазы да бола білді. Жолдасы Аманбаев Бимырза өмірден өтсе де үш ұлын жалғыз тәрбиелеп жеткізіп, барлығының жоғары білім алуына ықпал етті. Бүгінде үш ұлы да анасының жолын қуып, теміржол саласының мықты мамандары болып қалыптасты.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды