Теміржолшылар үшін жауапты кезең туды

Аймақтар
12.12.2023, 10:47
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Теміржолшылар үшін жауапты кезең басталды. Семей магистральдық желі бөлімшесі басшылығы бірінші кезекте қысқы мезгілдегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша тұрмыстық жұмыстарға назар аударуда.

Ең алдымен желі бойындағы жылу қазандықтары қадағаланды. Бұл орайда, автономды түрде жылытуға мүмкіндік беретін үш қазандықтың жұмысы толық күшінде жұмыс істеп тұрғаны нақтыланды. Жазғы мезгілде НЖС-6-ға қарасты мекемелердегі жылу ошақтары ағымдық жөндеуден өткен болатын. Сондықтан болар, желі бойындағы жалпы саны 117 нысандағы бөлме температурасы ойдағыдай. Әзірге теміржолшылар тарапынан ешқандай шағым тіркелген жоқ.  

Биылғы алғашқы аяздың өзі жергілікті сала қызметкерлерін алғашқы сынақтан өткізді десек болады. Қазіргі таңда барлық мекемелердің көмір қоры мен техникалық қажеттілік үшін алынған дизельді жанармай да жеткілікті. Айта кетерлігі сол, тексеру шаралары әсіресе жол қозғалысына тікелей жауапты ПЧ-42, ПЧ-40 және ПЧ-39 мекемелері бойынша біршама күшейтілген түрде жүргізілуде. Бұл ретте бағыттамаларға арналған бес пневмоүрлегіш пен жолшыларға ғана тиесілі 82 бірлік автокөліктің де жай-күйіне назар аударылды.  

Бірінші кезекте жолшылар қызметі қатаң қадағалауға алынуда. Олардың қысқы мезгілдегі қауіпсіздігі басты орында. Сол себепті бөлімше бойынша қысты алғаш өткізіп отырған теміржолшыларды оқыту, үйрету, қысқасы, қысқы мезгілдегі жұмыс ырғағына ілесіп кетулері үшін барлық жағдай жасалуда.  

Десек те, жолшылар жұмысының жайлылығына жаз бойғы даярлық шаралары септігін тигізуде. Мәселен, қос бағытқа қызмет көрсететін Семей жол дистанциясы бойынша барлық 25 жылыну пункті жөндеуден өткізіліп, жаңартылған болатын. Сонымен қатар Дегелең және Шаған станцияларында жолшылар қауымының жылынулары үшін жаңадан екі модуль пайдалануға берілген еді.

– Енді біраз күнде қыс «шілдесіне» де келіп жетеміз. Сол сияқты жыл сайын ұйымдастырылатын «қар сенбіліктерінің» де ауылы алыс емес сияқты. Яғни нағыз сыналар шақ әлі алда. Жолшыларымыздың даярлық деңгейі жоғары дей аламын. Қажетті техника да бар, кез келген тосын жайтқа әзірміз. Ауа райының қандай жағдайында болмасын пойыз қозғалысын үздіксіз қамтамасыз етуге даярмыз, – дейді бұл орайда ПЧ-39 директоры Рахат Ботаспаев.  

Бүгінгі таңда НЖС-6 бөлімшесі бойынша барлық құрылымдар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Жұмыс ырғағы толыққанды бақылауда.  

 

Спорт
09.08.2026
«ҚТЖ» командасы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында киберспорттан чемпион атанды
Спорт
09.08.2026
Айжан Серікова тоғызқұмалақтан спартакиаданың қола жүлдесін иеленді
Спорт
09.08.2026
Қарағандылық теміржолшы спартакиадада қола медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
Үстел теннисіндегі алтын триумф
Спорт
09.08.2026
Қайраш Аханов «Самұрық-Қазына» спартакиадасында асық атудан екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
Көкшетаулық теміржолшы республикалық спартакиадада күміс медаль жеңіп алды
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ жүйріктері «Самұрық-Қазына» Спартакиадасында күміс жүлде иеленді
Спорт
09.08.2026
Томирис Атымжанова «Самұрық-Қазына» спартакиадасында екінші орын иеленді
Спорт
09.08.2026
ҚТЖ қоржыны тағы бір күміс алқамен толықты
Спорт
09.08.2026
Спартакиада: Алтынбек Шахметов жеңіл атлетикадан алтыннан алқа тағынды
Жаңалықтар
09.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы спартакиаданың ашылуына қатысып, елорданың теміржол объектісін аралап шықты
ҚТЖ келбеті
09.08.2026
Болат магистраліндегі дәуір
Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті