Қызылордада «Білімі бойынша үздік» байқауы өтті

Аймақтар
21.12.2023, 10:40
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Қызылорда жүк тасымалы бөлімінде  теміржолшылардың техникалық ілім-білімін сарапқа салатын конкурс өтті.  

«Білімі бойынша үздік» конкурсы сала мамандарының күнделікті атқарып жүрген жұмыстарын қаншалықты дәл, анық, қауіпсіз әрі дұрыс жасайтынын бағамдап, сын таразысына салды.  

Түркістан мен Сексеуіл станциялары арасындағы станциялардан 36 теміржолшы қатысқан сайысқа бөлім бастығының орынбасары Бекжан Өтеулиев пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев, заңгер Дархан Айқожаев қазылық жасады. Алдымен алдын ала дайындалған билеттің 3 сұрағына жауап берген қатысушылар  қосымша үш ситуациялы сауалға дұрыс әрекеттерін көрсетуі тиіс болды. Әрбір теміржолшының ТПЕ, ПҚН, СБЕ (птэ, иси, идп) талаптары мен ережелерді білуі есепке алынды.    

– Теміржолшылардың білімін тексере отырып жетілдіруді мақсат еткен бүгінгі сайыста оған қатысушылардың білім-біліктілігі қанағаттанарлық деңгейді көрсетті. Дегенмен машинистердің жауабынан олардың шын мәнінде өзге әріптестерінен оқ бойы озық тұрғанын байқадық, – деді бөлім басшысының орынбасары Бекжан Өтеулиев.

Конкурста машинист, машинист көмекшілері, вагон қараушылар, пойыз құрастырушылар және станция кезекшілері білімдерін таразыға салды. Жүлделі орындар да конкурсанттардың мамандығына қарай үшке бөлініп, тоғыз орынға диплом мен қаржылай бәйге тігіліпті.

– Теміржолшылардың арасында білім деңгейін жетілдіру жыл бойы жүргізіледі. Себебі пойыздардың қозғалысының, еңбек адамының қауіпсіздігі, техникалық қауіпсіздіктің сақталуынан маңызды ештеңе жоқ. Білім жарысына мекеме басшыларының таңдауымен емес, жергілікті жерлердегі сыннан сүрінбей өткендер қатысты. Алдағы уақытта да осындай шаралар жиі өткізіліп, әріптестеріміздің білімін шыңдауға басымдық берілетін болады. Бүгінгі тоғыз жүлделі орынға лайықты үздіктер ие болды, – деді кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұхтар Көпірбаев.

Сайыста сұрақтарға теңдей жауап берген машинистер – 9 жылдық еңбек өтілі бар Тоқтар Алмаханов пен 6 жылдық тәжірибесі бар Ғабит Бердузақов арасында бәсеке өрбіп, «шақыру сигналымен пойызды қабылдау кезіндегі машинистің әрекеті» жайлы қосымша сауал берілді. Екі машинист те сұраққа дұрыс жауап берді, алайда Ғабиттен гөрі Тоқтардың жауабы тұшымды, дәл деген ұйғарым жасалып, жеңіс Қазалы айналым депосының машинисі Тоқтар Алмахановқа бұйырды. Екінші орын тиісінше Сексеуіл локомотив пайдалану депосының машинисі Ғабит Бердузақовқа, 3-орын Қызылорда локомотив пайдалану депосының машинист көмекшісі Берікбол Тлеубаевқа берілді.  

Ал вагон қараушылар арасындағы додада Сексеуіл техникалық қызмет көрсету бекетінің вагон қараушы-жөндеушісі Болат Сансызбаев 1-орынға, Қазалы техникалық қызмет көрсету бекетінің вагон қараушы-жөндеушісі Серік Шаден 2-орын, Қызылорда техникалық қызмет көрсету бекетінің вагон қараушы-жөндеушісі Омар Тәңірбергенов 3-орынға ие болды. Станция теміржолшылары арасындағы бәсекеде Төретам станциясының пойыз құрастырушысы Жаппар Досымов 3-орын, Жандос Жұмағазы 2-орын, Төретам станциясының кезекшісі Нұрлан Өтеулиев жүлделі 1-орынды иемденді.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда