Қаламаңы тасымалы: Тың жобалар тұсауын кесті

Аймақтар
08.01.2024, 11:41
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыстағы Семей ЖТ бөлімшесінің теміржолшылары үшін жаңа басталған жыл әсіресе жолаушы тасымалы бойынша қауырт жұмыстар мен жаңа бастамаларды алып келді. Оған себеп өткен жылдың соңғы апталарында қаламаңы тасымалы бойынша жаңадан ашылған қос бағыт пен биылғы жылға межеленген тағы екі бағыттың жұмысын жолға қою болып отыр.  

Айта кетерлігі, жаңадан құрылған Абай облысында әсіресе теміржол тасымалына ерекше көңіл бөлінуде. Мысалы, өткен жылы облыс әкімдігі бюджет қаражаты есебінен ұзақ мерзімді субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынас бойынша теміржол арқылы жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыны айқындау үшін ашық тендер негізінде конкурс өткізді. Оған аймақ тұрғындарының көңілінен шығып жүрген «Жолаушылар тасымалы» АҚ мен «Арай Транс KZ» ЖШС қатысқан болатын. Осылайша, жылдың соңғы тәуліктерінде Шар – Семей мен Аягөз – Ақтоғай аралығында жаңадан теміржол қатынасы ашылды. Бұл облыс орталығына жақын орналасқан елді мекен тұрғындарының қалаға тұрақты түрде қатынауы үшін мейлінше қолайлы. Әсіресе, ауа райының бұзылуына байланысты авткокөлік жолдары жиі жабылатын қысқы мезгілде Семей мен Шар қалаларына небары 557 теңгеге баруға болады. Пойыз аптасына алты күн қатарынан қатынайды. Ал Аягөзден Ақтоғай станциясына жету құны 650 теңге тұрады. Пойыз бағыттарының әлеуметтік маңыздылығы бар болғандықтан, тасымалдаушылар оңтайлы тариф белгілеген.    

Әзірге жаңа бағыттар бойынша бір ғана вагон қызмет көрсетуде. Алдағы уақыттарда жолаушылар тарапынан сұраныс ұлғаяр болса, семейлік теміржолшылар қосымша вагондар қосуға әзір екендіктерін айтады. Ал екі аралық небары екі сағаттай ғана уақыт болатындықтан тек отыратын орындар. Жаңадан ашылған бағыттарға билеттерді интернет-сатылымдар арқылы және кассалардан сатып алуға болады.  

Айта керлігі, биылғы 2024 жылға Абай облысының әкімдігі тағы екі бағытты: Семей – Дегелең және Семей – Ауылды станциялары аралығындағы жолаушы тасымалын іске қосуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда таңдап алынған бұл жобалар жан-жақты зерделенуде. Алдын ала жолаушы билетінің де құны белгіленген. Дегелеңге 664 теңге, ал облыс орталығынан 100 шақырым қашықтықта жатқан, шекара іргесіндегі Ауыл станциясына жетудің құны небары 427 теңге болады деп межеленуде. «Жолаушылар тасымалы» АҚ өкілдерінің айтуынша, бұл екі жаңа бағыт аймақ тарихында бұрын-соңды болмапты.  

Қаламаңы тасымалы бойынша бағыттар осылайша биыл да толыға түспек. Бұл ретте ҚР «Теміржол көлігі туралы» Заңына сәйкес, Абай облыстық мәслихатының шешімімен, ҚР Әділет министрлігінде темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар жолаушылар ауданаралық қатынастар тізбесіне «Семей-Жалаңашкөл станциясы» бағыты келісілген болатын. Бұл пойыз облыс тұрғындары мен Семей қаласының тұрғындары үшін ең қолжетімді және қауіпсіз көлік түрі болып қала бермек.

Жалпы, Семей ЖТ бөлімшесі үшін қаламаңы тасымалын дамыту болашағы жарқын. Мәселен, құрылысы жаңадан басталған «Бақты-Аягөз» телімінің бойында ел шығысы бойынша тұрғындар саны ең көп үш аудан жатыр. Суы шипалы Алакөл де дәл іргесінде тұр. Жаңа телімге ауданаралық жолаушылар пойызын шығару – өздігінен сұранып тұр. Бұл енді таяу болашақтың еншісінде.

Десек те, жоғарыда айтылған шаралармен бірге бөлімшедегі жолаушы тасымалы жоғары қарқын алуда. Қазіргі күні облысаралық бағыттар бойынша 8 жұп, халықаралық бағыттар бойынша үш жұп пойыз бар. Оның ішінде жылдың төрт мезгілінде де сұраныс өте жоғары Семей – Алматы, Семей – Маңғыстау пойыздары жеке назар аударуды қажет етеді.  

Әлемде
10.04.2026
Қытай теміржолы жолаушылар тасымалы бойынша рекорд орнатты
Жолаушылар тасымалы
10.04.2026
ҚТЖ «Астана – Талдықорған» бағытында жаңа теміржол бағдарын іске қосты
Инфографика
10.04.2026
Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы теміржол тасымалы тұрақты қос таңбалы өсімді көрсетіп отыр
Қауіпсіздік
10.04.2026
Дистанция дайындығы тексерілді
Аймақтар
10.04.2026
Ақтөбеге омбудсмен келді
Аймақтар
10.04.2026
Маңғыстаулық теміржолшылар техникалық базаны нығайтуда
Инфрақұрылым
10.04.2026
Инфрақұрылым талапқа сай ма?
Қауіпсіздік
10.04.2026
Жамбылдық теміржолшылар қауіпсіздік шараларын пысықтады
Жүк тасымалы
10.04.2026
Қазақстан мен Қытай транзитті арттыруға мүдделі
Жаңалықтар
10.04.2026
Денсаулық – ең үлкен байлық
Жаңалықтар
10.04.2026
Қазақстан мен Армения арасындағы көлік байланысын дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар / Мұрағат
10.04.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №27 10 сәуір 2026 жыл
Жаңалықтар
09.04.2026
«Жасыл желекті кеңсе» экологиялық акциясы басталды
Спорт
09.04.2026
Жеңіс тұғырында – локомотившілер
Әлемде
09.04.2026
Talgo рекордтық тапсырысқа қол жеткізді
Жаңалықтар
09.04.2026
Пойызда тәртіп бұзған жолаушылар әкімшілік қамауға алынды
Жаңалықтар
09.04.2026
ҚТЖ паркі заманауи локомотивтермен толықты
Әлемде
09.04.2026
Жапонияда панорамалық терезелері бар пойыз-мейрамхана пайда болады
Инфрақұрылым
09.04.2026
Биыл Зубовск кентіндегі теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталады
Жаңалықтар
09.04.2026
ҚТЖ экологиялық міндеттемелері аясында Алматы облысында 100 мыңнан астам ағаш отырғызады