Студенттер өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр

Аймақтар
12.01.2024, 10:35
Оқуға 2 мин
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ақтау көлік колледжінде студенттердің білімін тәжірибемен ұштастыру жолға қойылған. Бүгінгі таңда бір топ студент Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінде тәжірибе жинақтауда.

Колледждің 3-курс студенттері ұстаздары Саламат Хасайновтың жетекшілігімен белгі беру-байланыс дистанциясының СОБ құрылғыларын диагностикалау цехында өндірістік тәжірибеден өтуде. «Автоматика, телемеханика және теміржол көлігінде қозғалысты басқару» мамандығы бойынша білім алатын олар мұндағы түрлі құрылғыларды көріп, жұмыс үдерісімен танысып, біліктілігін арттыруда. Мысалы, студенттер заманауи жаңа КПР-СЦБ релесін тексеру кешенімен танысып, диагностикалаудың жаңа технологиясын үйренді. Сонымен қатар СОБ құрылғыларының бөлшектерін технологиялық талаптарға сай жөндеу мен жинау, техникалық қызмет көрсетудің қыр-сырын меңгеріп, аға-апаларынан дәріс алуда.  

– Оларға жұмыс барысын түсіндіріп, өндіріске баулып үйретеміз. Алдымен оларға техникалық қауіпсіздік туралы ақпарат беріп, бәрінен бұрын қауіпсіз еңбек етуді ескертеміз. Мұндағы техникалық бөлшектер қалай жұмыс істейді, оларды қолдануда қандай «нюанстарға» тап болу мүмкіндігі, қиындықтар туралы ақпарат береміз. Еңбекке араласқан кезде алдымен нені біліп, бекеттерде қалай жұмыс атқару қажеттігін үйретудеміз. Біздің дистанция бір шеті Бейнеу, екіншісі Болашаққа дейінгі аралықтағы қызмет көрсетудің ерекшеліктері қандай, қандай приборлармен жұмыс жасаймыз, бәрімен бүгін таныса бергендері дұрыс, – дейді Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің белгі беру және байланыс дистанциясының телім бастығы, 1990 жылдан бері осы салада тер төгіп келе жатқан тәжірибелі маман Аманберді Лесбай.  

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды