Қайсар қазақ әйелі

Аймақтар
22.01.2024, 10:20
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Бағыт апа – Атырау өңіріндегі атақты Бисалиевтер династиясының өкілі. Бұл отбасы үрім-бұтағымен теміржолшы десек болады. Әкелері Жолдас Бисалиевтің есімі бүкіл батыс жұртшылығына танымал.

Бағыт Жолдасқызы 1976 жылы Ақтөбе теміржол техникумын тәмамдап, Құлсары станциясында еңбек жолын бастайды. Тауар кассирі қызметі оңай емес, құжатпен, қолма-қол ақшамен жұмыс жасағасын жауапкершілігі де орасан зор. Осы жұмысты 40 жылдың үстінде абыроймен атқарып, лайықты сый-құрметпен зейнетке шыққан Бағыт апа жуырда 70 жасқа толды. Құлсары станциясында бірге жұмыс жасаған әріптестері ардагерді құттықтап, әрдайым деніңіз сау, жүзіңіз жарқын болып, ұрпағының қызығын көріңіз деген тілек білдірді.  

Бағыт апаның өмір жолы оңай болмаған сынды. Тағдырдың талай сынағын бастан кешсе де  қиындыққа мойымай күресе білген қайсар қазақ әйелінің жарқын образы десек болғандай. Жастау кезінде үш бірдей баласы электр желісі өртенген иістен уланып бір күнде қайтыс болды. 1994 жылы отырған үйлерінде газ жарылып,  жолдасы және кішкентай екі ұлымен панасыз қалған кездерді де бастан кешірді. Қос бауырының қазасы да жығылған үстіне жұдырық болды. Дегенмен, Бағыт апа осындай тағдыр қиындығына төтеп беріп, күресе білді. Емен ағашы сияқты майысса да құламады. Болған іске болаттай беріктік танытып, тістене жүріп тіршілігін жалғастырды. Шүкір, бүгінде барлық қиындық артта қалып, аяулы жар, ардақты ана отбасында немерелерінің қызығын көріп отыр. Үлкен ұлы Мұрат пен ортаншысы Жантемір аналарының ізімен теміржолшы кәсібін жалғастырып отыр.    

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды