Кәсіподақ есеп берді

Аймақтар
25.01.2024, 12:48
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Атырау қосалқы бөлімшесінің кәсіподақ комитеті мен «Қазкөліккәсіп» ҚБ Орталық кеңесінің Атырау өңірі бойынша өкілдігі есеп берді.  

Жиында баяндама жасаған бөлімшенің кәсіподақ комитеті төрағасы Боранбай Қамиев өткен жылда жасалған жұмыстарға тоқталып, алдағы міндеттерді де атап өтті. Төрағаның айтуынша, Атырау өңірі бойынша барлығы 4453 кәсіподақ мүшесі бар. Соның ішінде Атырау қосалқы бөлімшесі бойынша бүгінде 2375 кәсіподақ мүшесі еңбек етеді. Есепті жылы кәсіподақ комитеттері 84 отырыс өткізіп, онда мәдени-көпшілік іс-шаралар мен спорттық іс-шаралар өткізуді жоспарлау, кәсіподақ мүшелерінің, зейнеткерлердің әлеуметтік, шаруашылық мәселелерін шешу, т.б. мәселелер қаралған. «Өткен жылы көктемгі және күзгі комиссиялық байқауларды қоспағанда, кәсіподақ жетекшілері мен комитет мүшелері желідегі қызметкерлермен жиі кездесіп, олардың еңбек жағдайларына, әлеуметтік мәселелеріне байланысты туындаған сұрақтарды шешу мақсатында тиісті орындарға хат жолдап, 2024-2026 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа ұсыныстарын талқылап жинақтады. Осы кездесулерден жиналған ұсыныстар Ұжымдық шартты қабылдауда бірқатар өзгерістерге, яғни әлеуметтік көмектердің жақсаруына септігін тигізді» деді ол.  

Есепті жылы кәсіподақ мүшелерінің еңбекақыларының 1 пайызы мөлшерінде Кәсіподақтың Орталық кеңесіне аударылған мүшелік жарнадан «Бастауыш кәсіподақ ұйымдары туралы» Ережеге сәйкес 68 пайызы – 78 125 000 теңге Атырау қосалқы бөлімшесі кәсіподақ комитетіне берілген. Оның ішінде 17 458 000 теңге Атырау локомотив пайдалану депосына, 22 153 000 теңге Мақат локомотив пайдалану депосына, 12 039 000 теңге Атырау вагон пайдалану депосына, 26 566 000 теңге Атырау қосалқы бөлімшесіне тиесілі. Аталған қаржыны осы мекемелер өздерінің жоспарына сәйкес, ай сайынғы сұраныстарына байланысты әртүрлі мәдени-көпшілік, спорттық іс-шараларға, балалар мен зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау жұмыстарына, кәсіподақ белсенділерін, техинспекторларды, келісім комиссия мүшелерін оқытуға, қызметкерлерге материалдық көмек беруге жұмсаған. Атап айтқанда, мәдени-көпшілік, спорттық іс-шараларға, материалдық көмекке, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға, жұмсалған. Сонымен қатар түрлі меркелік іс-шаралар бар. Өңір теміржолшыларының сұрауына байланысты 15 410 000 теңге жазғы спорт алаңын орнатуға алғашқы төлем ретінде аударылыпты. Оның құрылысы наурыз-сәуір айларында аяқталады деп күтілуде.

Биыл Қазақстан теміржолының 120 жылдығына орай журналистер арасында байқау өткізу, сонымен қатар өңір теміржолының тарихына арналған кітап-энциклопедия шығару, спорт алаңын ашу, Ресей теміржолы кәсіподағы мен Қазкөліккәсіп арасындағы меморандумға сәйкес Астрахань-Атырау футбол командаларының жолдастық кездесуін өткізу жоспары бар.  

Жиын соңында жыл бойы жақсы жұмыс жасаған бірқатар кәсіподақ мүшелері марапатталды, олардың қатарында биылғы ультрамарафонда 1-ші орынды жеңіп алған екі желаяқ – Гауһар Толыбаева пен Ерлан Жұпаров бар.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды