Болашақ теміржолшылар білімін шыңдауда

Аймақтар
26.01.2024, 10:40
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз көлік және коммуникация колледжі дуалды білім беруді дамыту үшін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы Жамбыл ЖТ бөлімшесін әлеуметтік серіктес ретінде таңдаған.

Қос тараптың өзара байланысы болашақ теміржолшылардың білімін арттырып, кәсіби білімін шыңдай түсуіне мүмкіндік беретіні сөзсіз. Былтыр оқу орнының материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жаңартылды. Осы мақсатқа 27946702,06 теңге қаражат бөлініп, практикалық сабақтарға қажет жаңа жабдықтар кешені, жаңа технологиялар мен құрылғылар сатып алынған.  

– 2023-2024 оқу жылында 600 мың теңгеге жуық қаржыға «ТЭМ2 тепловоз жабдығының орналасуы» электрленген стенд, 2 миллион теңгеден астам қаражатқа «Асинхронды қозғалтқыш» қолданбалы макетін және «2ТЭ10М тепловозының 10Д100 дизель-генераторы» стендін, «Бағдаршам сигнализациясы» кешенін сатып алдық. Олар қазір тәжірибелік сабақта қолданылуда. Бұдан бөлек LED экран және жалпы білім беретін пәндер бойынша оқулықтар мен кәсіптік, ғылыми әдебиеттер алынды. Кітап қоры айтарлықтай көбейді. Басқа да кәсіптік бағыттағы мамандарды даярлауға қажетті құрылғыларды, жабдықтарды жаңарттық. Әлеуметтік серіктестермен тығыз байланыста жұмыс жүргіземіз. Олардың қатарында Жамбыл ЖТ бөлімшесі мен «Қамқор Локомотив» ЖШС бар. Колледждің қамқоршылар кеңесінің құрамына да теміржол саласында еңбек етіп жүрген тәжірибелі қызметкерлер мен мамандарды тартқанбыз. Жақында осы кеңес алдында атқарылған жұмыстар бойынша есеп бердім, – дейді Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің директоры Ұлжан Кенжебаева.  

Колледж 9 мамандық бойынша кәсіптік білім береді. Оның негізгі 5 бөлімі болашақ теміржолшыларды даярлауға бағытталған. Оның ішінде «Теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару», «Теміржолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» және «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», «Жылжымалы құрам» полигонын және станция кезекші постын жабдықтауға қажетті материалдар» мамандықтары бар. Бүгінде оқу орнында 545 студент білім алуда. Басым бөлігі мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатыр.

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды