Ақтөбелік жолшылар жаңа техника алды (Фото)

Аймақтар
06.02.2024, 10:37
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Ақтөбе жол дистанциясында айтулы оқиға. Жолшылар мен олардың құрал-саймандарын тасымалдауға арналған су жаңа жол талғамайтын жүк көлігі дистанцияның Ақкемер станциясындағы №11 желілік теліміне жеткізілді.

DONGFENG маркалы жүк көлігін жолшыларға салтанатты түрде табыстап, қуаныштарына ортақтасқандар қатарында Ақкемерге Ақтөбе жол дистанциясының басшысы Кеңес Нұртаевпен бірге «Қазкөліккәсіп» ҚБ «Батыс» филиалының төрағасы Ғабит Садықов, тағы басқа лауазымды тұлғалар арнайы барды.  

Жол күтіміне жауапты жолшылар Қытайда жасалған, іші кең, жүргізушіден бөлек алты адам еркін сыятын, артында құрал-сайман салатын бөлек борт бар, қыста жылы, жазда салқын болатын кондиционер мен бейнебақылау жүйесімен де жабдықталған су жаңа заманауи техниканы қызықтап риза.  

Ақтөбе жол дистанциясының Тамды-Ақкемер станциясы аралығындағы жол күтіміне жауапты №11 телімінің жол шебері Ізгілік Тілесов жолшылар жұмысының жеңілдейтінін айтып қуанды.  

– Мұнда екі бригадада 13 адам жұмыс істейді. Күндіз-түні жол күтімін жасап, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жолшыларға мұндай көлік ауадай қажет. Жаңа көлік еңсемізді көтеріп тастады. Енді жұмыстың өнімділігі де арта түсетін болады, уақыт та үнемделеді, – деп қуанышымен бөлісті жол шебері.  

Жақын күндері аймаққа тағы осындай екі техника жеткізілетін көрінеді. Бұдан бөлек жол бойындағы теміржолшылар игілігіне жылжымалы модульдік ғимарат іске қосылады.

  

– Инвестициялық бюджеттен жұмысшыларды тасуға арналған үш техника алу қарастырылған. Жолдағы жұмысшылардың жағдайын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаға сай алынды. Біріншісі келді. Енді қалғанын да кезекпен алып, тарататын боламыз. Бұдан бөлек Ақтөбе жол дистанциясына биыл 58 домкрат және басқа да шағын механизация құралдары алынғанын айта кетейік, – деді Ақтөбе жол дистанциясының бастығы Кеңес Нұртаев.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда