Сексеуіл жол дистанциясы заманауи техниканың игілігін көруде

Аймақтар
09.02.2024, 09:08
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Өткен жылдың соңында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Ресейде жасалған МПТ-6/869 мотовозының бірнеше данасын сатып алған болатын. Сол су жаңа заманауи техниканың біреуі қиырдағы Сексеуіл жол дистанциясына беріліп, бүгінде жолшылар оның игілігін көріп отыр.

Жаңа техниканың бұған дейінгі қолданыста болған мотовоздарға қарағанда тетіктері жетілдірілген, қолданысқа жайлы, көптеген қолайлылық бар. «Жақсыны көрмек үшін» деп, жаңа техниканы жұмыс үстінде сынап көрмекке Сексеуілге жол тарттық.  

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Мұрат Байділдаев басқаратын Сексеуіл жол дистанциясының теміржолшылары Сексеуіл – Қоскөл, Сексеуіл – Аралқұм бағытындағы жүздеген шақырым жол күтімін жасайды. Екі бағыттағы жол айрығына қызмет көрсетіп, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған сексеуілдік жолшылар үшін жаңа техника «іздегенге сұраған» – болыпты. Бұл туралы оның жұмысын бірге тамашалап, мотовоздың техникалық сипаттамасымен таныстырған дистанцияның бас инженері де, механигі де, тіпті машинисі де жарыса әңгімелеп берді.  

– Мотовоз 2023 жылы Ресейде шығарылған, қолданылу мерзімі – 30 жыл. Бүгінде қай телімінде жұмыс болса, сол жерге жіберіліп, телім бойына ары-бері тасымалдап, құрал-саймандарымен жеткізіп отырған МПТ-6/869 мотовозының жұмысына жолшылар қауымы дән риза. Осындай заманауи техникамен қамтамасыз етіп отырған компания мен бөлімше басшылығына алғыс айтамыз, –деді бас инженер Елдос Жеткербай.  

– Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап МПТ-6/869 машинисі болып тағайындалдым, жаңа техника маған сеніп тапсырылды. Мотовоз толық автоматтандырылған, генератор арқылы 380 вольттық электр күшімен басқарылады. Барлық жүйе мониторда көрсетіліп, борт компьютер арқылы жұмыс істейді. Өртке қарсы тетігі жүйеге қосылған. Бұрынғы техникалар майдың қысымымен жүргізілсе, мұнда оның барлығы электр тогына көшірілген. Консун краны 5 тоннаға дейін жүк көтереді, стреласы 8,5 метрлік, кабинасына 10 адам сыяды. Жылыту, салқындату жүйесі жұмыс жасайды. Барлық қауіпсіздік тетіктері КЛУБ, ЖПРС жүйелерімен қамтылған. Жалпы техника тек заманауи құрылғылармен жабдықталған, – деп сипаттады мотовоз машинисі Ержан Қалдыбаев.  Сексеуіл – табиғаты қатал өңір. Таң азанымен пойыздан түскен бізді Тебіренбес жотасынан ұйытқи соққан жел мен азынаған боран қарсы алды. Бетті қарыған аяз да күшінде екен. Өңменнен өтетін суық жолаушылар пойызынан түскен адамдарды бүрсеңдетіп алдына салып ала жөнелді. Тек тәуліктің кез келген сағатында телім бойына шығып жолдың бабын жасайтын жолшылар ғана ештеңені елемейтіндей, әне, су жаңа мотовозға жабыла мініп, асай-мүсейлерін тиеп алып жолға шығып барады...  

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда