Сексеуіл станциясында жолды қардан тазалау жұмысы қарқынды жүріп жатыр

Аймақтар
12.02.2024, 13:20
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда технологиялық талаптардың қатаң сақталумен қатар бірнеше  фактордың жанама әсері болатыны белгілі. Осы ерекшеліктерді қаперде ұстайтын аймақ теміржолшылары қазір табиғи факторлармен күресуде.  

Биылғы қыс маусымы аса қаталдық танытпаса да жиі-жиі қар жауып, боран соғып,  ауа райы сенімсіз болып тұр.   Сексеуіл  станциясы басшылығы күн сайын пысықтау инструктажын өткізіп, қар тазалау маневрлік жұмыстарға кедергі келтірмеу үшін жұмыс басында белгі беруші адам белгіленіп, ескерту белгісі қойылып, бекет кезекшісіне ескертіліп ДУ-46 кітабына жазба енгізілген.

Ал жолшылар жұмыс істеп жатқанда бірін екіншісі көре алатындай қашықтықты сақтауы, маусымдық киімнің болуы, суықтан қорғанатын заттармен қамтылуы бақылауға алынған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ШЧ жұмысшылары да  бағдаршам, электрожетектрге күтім жасауды арттырып,  ЭЧ мамандары электр құрылғыларының үзіліссіз жұмыс жасауын қадағалауда.    

Өткен аптада жауған қардан құрылғылар мен жолдарды тазалау жұмысын станциядағы барлық сала теміржолшылары бірлесе атқарды. Әйтсе де негізгі күш жолшыларға түскені белгілі.  

Мұрат Байділдаев басқаратын Сексеуіл жол дистанциясының жолшылары станция жолдарынан бастап телімдердегі нысандарды қардан тазалаумен қатар күнделікті жоспарлы жол күтімін де кейінге қалдырған  емес.    

– Бүгін қар тазалаумен қатар станцияның солтүстік алқымындағы 13-қабылдап-жөнелту жолының ентабанын технологиялық талапқа сай қалыпқа келтіріп жол күтімін жасап жатырмыз.  Ағымдық күтім жұмысы кезінде жол жөндеушілер Азамат Тәженов, Ерғали Алимов пен Ғанибек Ахметалиев рельс төсеніші мен бекітпелердің беріктігін қадағалауда. Ерлан Көптілеуов пен Дәуіржан Сахитжанов рельс арасын шаблонмен үнемі өлшеп, еңкіш түскен тұстар биіктетіліп жол төсемін нығыздаудамыз. Бүгін топқа бөлініп жұмыс істегендіктен екінші топтағы жол жөндеушілер Руслан Қалмағанбетов, Жандос Бажиров, Қанай Қалмағанбетовтің тобы біздің алдымызда жолдарды қардан тазалау жұмысын атқарып бара жатыр, біз олардың тазалаған жерлерін үстемелеп бақылап жол күтімін жасап келеміз,– деді Сексеуіл жол дистанциясы   телім бастығының орынбасары Жаржан Ермаханов.    

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға