Байланыс құралдары жаңаруда

Аймақтар
12.02.2024, 16:12
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Сигнализация және байланыс дистанцияларының жұмысын жақсарту жаңа техникаларды кеңірек пайдалану технология дамып жатқан қазіргі заманда аса қажет.  

«Бағдаршамдар мен бұрмалардағы электржетектерінің, станциялардағы рельс тізбектері элементтерінің, батарея шкафтарындағы аккумуляторлардың, стативтер мен релелік шкафтардағы аспаптардың қалыпты жағдайда жұмыс істеуін дистанция мамандары жоспарға сай техникалық кесте бойынша қалтқысыз орындауда», – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесінің СОБ және электрмен қамту бөлімі бастығы Амангелді Бержанов.  

Былтырғы жылы құрылғыларды  күтіп ұстау бойынша жасақталған кешенді жоспар негізінде 144 дана электржетек ағымдық жөндеуден өтіп, 2023-2027 жылдарға жоспарланған өндірістік бағдарламаға сәйкес ШЧ-8 және ШЧ-9 сигнализация және байланыс дистанцияларында автобұғаттау бойынша әуе желісі ұзындығы 13,8 шақырым СБЗПУ 10Х2 маркалы жер асты кабеліне ауыстырылыпты. ШЧ-8-Атырау, ШЧ-9-Ақжайық және ШЧ-11-Құлсары сигнализация және байланыс дистанцияларында 27 аралықта автобұғаттау желісіндегі еңістерінің монтаж сымдарын, 7 дана жол жәшігі мен стрелка қорапшалары, 18 дана релелік және батарея сөресі, 185 дана аккумуляторлар, 10 шақырым магистральдық желі кабельдері, Бейнеу – Оазис, Жамансор-377 бекеттері аралығында, 377 бекеттің өзінде, Мақат, Мұқыр станцияларында барлығы 10 дана бағдаршам бағандары ауыстырылған. Яғни, өңірде көп құрылғылар мен бағдаршамдар түбегейлі жаңарып жатыр. Сондай-ақ, Құлсары, Бейнеу, Мақат, Доссор станцияларына портативті радиостанцияға арналған 4 антенна қондырылып, Д.Нұрпейісова, Афанасьево, Исатай, Тұманды, Коркол бекеттерінде ұзындығы 26,5 шақырым әуе желісінде ілініп тұрған кабельдерінің жері қазылып, көму жұмыстары жүргізілді. 465, 467 бекеттерінде ЭО модульдік ғимаратының айналасына абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 470, Бекбике бекеттеріне кезекшілердің демалыс орнына арналған модульдік ғимарат та қондырылып іске қосылыпты.  

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты