Семей теміржолында күшейтілген режим енгізілді

Аймақтар
20.02.2024, 10:15
Суреттерді түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар «кәрі құда» қыстың әлегімен айқасуда. Соңғы тәуліктерде ауа райының күрт бұзылуына байланысты бірқатар өңірде төтенше жағдай орын алды. Ал бөлімшеде күшейтілген режим енгізілді.

Бөлімше басшысы Алмас Сейсемқановтың тікелей бұйрығымен барлық станция басшылары, вагон шаруашылығы мен жергілікті локомотив бригадалары, сонымен қатар жолшылар шұғыл жұмыс топтарын ұйымдастыруда. Әсіресе тәуліктік кезекшіліктегі жұмысшыларға жауапкершілік артып отыр. Лездемелік жиындар барысында қолайсыз ауа райы жағдайындағы еңбек қауіпсіздігі түсіндіріліп, осы бағыттағы бақылау шаралары күшейтілді. Оның сыртында күндізгі және түнгі уақыттарда қызметтік өткелдер, ғимараттар мен барлық қосындар аумағы қардан тазартылып, құм себілуде. Жұмысшылардың арнайы киімдер мен үсік шалғанда пайдаланылатын жақпамайларды қолдануы да қадағалануда.  

Өткен желтоқсан, қаңтар айларында ауа райы жайлы болып, арқаны кеңге салып келген бөлімше теміржолшылары ақпанда күшіне мінген қыспен бірнеше бағытта күрес жүргізуде. Мәселен, Өскемен, Күмістау, Риддер, Аягөз станциялары бойынша қар сенбіліктері өткізіліп жатса, Жаңғызтөбе, Жармада қарлы боран астында жұмыс жүргізуге мәжбүр. Ал Шар станциясында аяз рекордтық көрсеткішке жетті. Филиал директоры Алмас Ғылымұлы бастаған бөлімше басшылары қазір станцияларды аралап, ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жүр.  

Қадағалау, тексеру шаралары әсіресе жол қозғалысына тікелей жауапты ПЧ-42, ПЧ-40 және ПЧ-39 мекемелері бойынша біршама күшейтілген түрде жүргізілуде. Бұл ретте бағыттамаларға арналған бес пневмоүрлегіштер мен жолшыларға тиесілі 82 автокөліктің жарақтылығы басты назарда.  

Абай облысындағы барлық күре жолдардың кешкі сағат 20.00-ден бастап таңға дейін жабылуына байланысты жолаушылар пойыздарына біршама жүк түсіп тұр. Алматы бағытынан келетін бірқатар пойыздардың шамалы түрде кестеден кешігуі орын алғанымен, жылжымалы құрамдар қозғалысы штаттық режимде жүргізілуде.  

Сондай-ақ ақпанның 16-сы күні Көкпекті ауданындағы қалың қар мен ақтүтек боранға байланысты шұғыл түрде жарияланған табиғи сипаттағы төтенше жағдай теміржолдағы қозғалысқа әсер еткен жоқ.  

– Қазіргі таңда барлық станциялар бойынша теміржолшылар күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр. Соңғы тәуліктерде қармен күреске баса көңіл бөлініп отыр. Тосын жайттар орын алған жоқ. Аймақтағы ауа райының құбылмалығына байланысты желі бойындағы жұмыстарға мониторинг жасалуда. Барлық станциялар бойынша пойыз қозғалысы ашық, – дейді Семей ЖТ бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Расул Кәукен.  

Синоптиктер болжамына сүйенсек, осы аптада ел шығысында сынап бағанасы 40 градустан төмендейді. Таулы аудандарда қалың қар мен бұрқасын күтілуде. Қолайсыз ауа райы тек алдағы демалыс күндері ғана сейіледі деген болжам бар.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті