Қос теміржолшы құрметті демалысына шықты

Аймақтар
26.02.2024, 08:55
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау темір жолының қос бірдей майталманы, бүкіл ғұмырын локомотив шаруашылығына арнаған Бейнеу айналым депосының телім бастығы Жолдас Есбосынов пен тепловоз машинисі Қаныбек Сейдалиев зейнеткерлік демалысқа шықты.

Маңғыстау локомотив депосының, Бейнеу айналым депосының ұжымы мен кәсіподақ ұйымы қос теміржолшыны зейнет жасына жетуімен құттықтап, еңбегіне алғыс айтты. Иығына шапан жауып, естелік сыйлықтармен құрметтеп шығарып салды.  

Жолдас Закарияұлы Бейнеу теміржолында қырық жылдан астам еңбек етті. Еңбек жолын сонау 1983 жылы Бейнеу станциясындағы ТЧ-15 Бейнеу локомотив депосының ТҚК-2 цехында тепловоз жөндеуші болып бастаған еді. Екі жылдан соң   ауысым шебері міндетін қолына алады. Сосын аға шебер қызметіне тағайындалды. 2004 жылы «Локомотив сервис орталығы» АҚ-ның «Маңғыстау локомотив сервис орталығы» Бейнеу учаскесінде директордың орынбасары болды. Аталған орталық жабылған соң Бейнеу айналым депосында телім бастығы болып күні бүгінге дейін жемісті еңбек етті.  

Осы деподағы талай жас буынның қанаты қатайып, нағыз теміржолшы болып тәрбиеленуіне атсалысты. Екі бірдей ұлын жеткізіп, депо ұжымының қатарына қосты. Қазір бірі ТҚК-2 цехында аусым шебері болса, екіншісі көмекші машинист.

Қаныбек Сәбитұлының да локомотив шаруашылығындағы орны бір төбе. Ол депода қарапайым құм жабдықтаушыдан 3-ші класты тепловоз машинисіне айналғанша талай жолдан өтті. 1985 жылы ТЧ-15 Бейнеу локомотив депосында құм жабдықтаушы болып жұмысқа орналасып, бір жылдан соң әскери борышын өтеуге кетеді. Әскери өмірде шыңдала түскен жас жігіт бұрынғы жұмысына қайта оралғасын ТҚК-2 цехында тепловоз жөндеуші болды. Жөндеп жүріп тепловозға «ғашық болып», бір күні осы алып көлікті өзіне бағындырып, оны тізгіндеуді алдына мақсат етеді. Соған сай отарбаның қыр-сырын толық меңгерді. Арнайы курста оқып келген соң тепловоз машинисінің көмекшісі ретінде алғашқы жолсапарға аттанады. 2005 жылдан бастап тепловоз машинисі міндетін атқарып,  Маңғыстау – Сай-Өтес, Маңғыстау-Жаңаөзен станциялар аралығында жүк пойыздарын тасымалдады.  

Әріптестерінің айтуынша, Қ.Сейдалиев ұжымдағы іс-шаралармен белсене атсалысады, жас машинистерді жұмысқа баулып, кәсібінің ыстығы мен суығына төзе білетін нағыз маман ретінде қалыптастыруға атсалысты. Үлгі боларлық тәжірибелі маман.

Әлемде
26.08.2026
Иран мен Ауғанстан арасында жүк тасымалы 8 есе өскен
Жүк тасымалы
26.08.2026
ҚТЖ желісімен 8 млн тоннадан астам астық тасымалданды
Әлемде
26.08.2026
Болгарияда Skoda Group электропойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Әлемде
26.08.2026
Жапонияда Токио – Нагоя маглев желісінің құрылысы қайта жандануы мүмкін
Жаңалықтар
26.08.2026
Қазақстанда қала маңы электр пойыздары жаңартылады
Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жүк тасымалы
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты