Жедел жәрдем фельдшері ауыр науқасқа дрезинамен жетті

Аймақтар
27.02.2024, 09:09
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өткен аптада ел шығысындағы қатты аяз бен қалың қарға байланысты теміржолшылар ғана емес, жедел медициналық жәрдем қызметі де күшейтілген жұмыс режиміне көшіп, бір-біріне көмек қолын созуда.    

Мәселен, шалғай елді мекендегі ер адамға шұғыл медициналық көмек қажет болып, Асубұлақ ауылындағы жедел жәрдем қызметкерлері теміржолшылар көмегіне сүйенуге мәжбүр болды. Жедел жәрдем фельдшері ауыр науқасқа дрезинамен жетті. Себебі қалың қар мен 40 градустан асатан үскірік аяз автокөлік пен ат шананың жүруіне мүмкіндік болмады.    

Жергілікті подстанцияның аға фельдшері Ғалия Ерғалиева мен фельдшер Ердәулет Әділханов ауылдық әкімдік пен полиция қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Өскемен-1-Огневка-Серебрянск бағыты бойынша теміржол желісін тексеретін дрезина вагонға отырды. Теміржолшылар және тәртіп сақшылары ақ халаттыларға көмекетесіп, науқасты облыстық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер де, науқас та қиын-қыстау сәтте көмекке келген жандарға алғыстарын білдіруде.  

Тоқтала кетсек, өткен аптада аймақтағы барлық күштік құрылымдармен қатар бөлімше қызметкерлері де шұғыл әрекетке көшіп, төтенше жағдайлар департаменті және коммуналдық қызмет мамандарымен бірлесе әрекет еткен.  Ауа райы болжамы бойынша шығыс өңірінде осы аптада аяздың беті қайтады.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті