Шымкентте «100 жас есім» жобасы аясында модульдік оқу күндері өтті

Аймақтар
29.02.2024, 11:27
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкентте «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «100 жас есім» жобасы аясында алғашқы модульдік оқу күндері өтті. «Алма тау» сауықтыру орталығында 3 күнге жалғасқан оқу-әдістемелік жиынға республика аумағынан 80-ге жуық жас теміржолшы қатысты.

Басқосудың басты ұйымдастырушысы Әлеуметтік саясат департаментінің жетекшілері мен жауапты мамандары болды. Мекеме менеджері Жақсылық Молдақұловтың айтуынша, алдын ала бекітілген тақырыптық бағдарлама аясында салада еңбек етіп жатқан белсенді жастарды кәсіби тұрғыда ғана дамытып қоймай, азамат ретінде де өзін-өзі өсіру көзделеді. Сондай-ақ жоба аясында қатысушыларға уақыт талабы мен заман ағымына сай озық үлгідегі технологиялық және әдістемелік жобалар таныстырылып, жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Атап айтқанда сапа менеджементінің жүйесі (СМЖ) бойынша ішкі оқытулар мен жобаларды басқарудың тиімділігі, жобаны жүзеге асыру кезіндегі өзгерістер мен жоба жетістігі талқыланып, практикалық сабақтар өтті.  

Ал панельдік сессиялар форматында «100 жас есім» жобасының 9 өкілі спикер ретінде өз тәжірибелерімен бөлісті. Мысалы, «100 жас есім» жобасы аясында тұлғалық даму әлеуетін аша білген Махамбет Кенжеғараевтың қызметтік карьерасы да өскен. Ол бұл жиынға станция бастығы ретінде қатысып, өзінің ой-пікірін ортаға салды.

– Мұндай басқосулар адамның көшбасшылық қабілет-қарымын дамыту үшін өте қажет деп санаймын. Одан бөлек, бұл жоба теміржолшылар арасында білім-білігі жоғары әрі белсенді көшбасшылар легінің қалыптасуына оң әсер етеді, – дейді ол.

Сонымен қатар Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының IT-серіктесі Ілияс Ахметов жобаларды басқару мен іске асыру тетіктері туралы айтты. Сол сияқты Ақтау теңіз портының еңбек қауіпсіздігін қорғау және өндіріс инженері Салима Баубекова, «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолсерігі, «Темір аю» жобасының жетекшісі Диана Бимбетова, Көпсалалы қызмет көрсету орталығы Семей станциясы бойынша филиалдың аймақтық есепке алу тобының жетекшісі Мәди Нұртаев, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Батыс» филиалы Маңғыстау бөлімшесінің өндірістік қамтамасыз ету секторының инженер-технологы Асхат Шарапатдинов, Шымкент магистральдық желі бөлімшесі филиалының қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бас маманы Назарбай Ыбышев сынды жастар жиынға белсенді қатысып, өз тәжірибелерін ортаға салды.  

Басқосу қорытындысы бойынша модульаралық жұмыстар аясында командалық жобаларды келесі модульге дейін сүйемелдеу жүргізілетін болып шешім қабылданды. Яғни тапсырмаларды тиянақтау мен даму прогресін зерделеу, мобильді топтармен кеңесе отырып, проблемалық түйіндерді тарқату тетіктері іске асырылады. Оған қоса жиын қатысушылары 15 командалық топ ретінде қолға алған жобалар 3 ай бойы трекер-сарапшылар тарапынан сүйемелденеді. Осы мақсатта трекер-сарапшылар мен командалардың айына 2 реттен 3 айда 6 кездесу өткізу жоспарланған. Айта кетейік, «100 жас есім» жобасының келесі басқосуы мамыр айында өтеді деп күтілуде.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда