Студенттер жүк тасымалы процесімен танысты

Аймақтар
01.03.2024, 08:58
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі үшін қажетті маман даярлауда жергілікті жоғары және арнаулы білім ордаларының маңызы зор. Бұл орайда қаладағы Шәкәрім атындағы университет теміржолшылармен тығыз байланыс орнатқан.

Мәселен, жуырда аталмыш оқу орнының «Логистика және тасымалды ұйымдастыру» бөлімінің 2-ші курс студенттері Семей теміржолына келіп, дәріс түріндегі практикалық сабаққа қатысты.

Айта кетсек, қазіргі таңда Семей ЖТ бөлімшесінің базасында аталмыш университет шәкірттері үшін дуальді оқыту жүзеге асырылады. Осынау шара шеңберінде болашақ теміржолшылар үшін практикалық дәрістер жиі өткізіледі. Бұл жолы студенттердің мамандықтарына сай станция басындағы қозғалыс қауіпсіздігі, жүк тасымалы процесін жүргізу басты тақырып болды. 

Алғашқы кезекте жастар еңбекті қорғау және өндіріс барысындағы техникалық қауіпсіздік тақырыбымен кеңірек танысып, диспетчерлердің міндеттемелеріне қанықты. Сонымен қатар пойыз қозғалысы, маневрлік жұмыстар және жұмыс барысында жиі жіберілетін қателіктер жайлы да мағлұматтар алды. Бұл орайда бөлімшенің логистика бөлімінің жүк диспетчері, оқытушы-практик Елена Гуржий тақырып аясында арнайы танымдық дәрістер өткізді. Сабақ барысында студенттер қауымы жүк тасымалы процесіне қатысушылардың рөлін көріп, сезінуге де мүмкіндік алды. Табло жұмысымен де танысты. 

Практикалық дәріс барысы көрсеткендей, нақты мысалдар болса, ақпарат та жақсы меңгеріледі екен. Бұл ретте қызмет орнында болып, үдеріс барысымен танысудың әсері бөлектігі анық. Болашақ теміржолшылар аталмыш сала қызметкерлерінің жұмысына ерекше қызығушылық танытты. Сондықтан болар, жастар тарапынан қойылған сұрақтар да көп болды. 

Спорт
08.08.2026
Спартакиада: Гүлжан Аманова шахматтан қола медаль иеленді
Спорт
08.08.2026
Алтынкөлдік теміржолшы «Самұрық-Қазына» спартакиадасында шахматтан чемпион атанды
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ құрамасы арқан тартудан Спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
08.08.2026
«KTZ Express» өкілі Әнел Жеңісқызы XI Спартакиадада екінші орын иеленді
Спорт
08.08.2026
Теміржолшылар қоржынында – кезекті күміс медаль
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» Спартакиадасы: ҚТЖ аруы жүзуден күміс жүлде иеленді
Спорт
08.08.2026
XI Спартакиадада ҚТЖ қоржынына тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» XI Спартакиадасында жүзуден ҚТЖ еншісіне тағы бір алтын медаль түсті
Спорт
08.08.2026
ҚТЖ «Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында тағы бір алтын медаль жеңіп алды
Спорт
08.08.2026
«Самұрық-Қазына» АҚ XI Спартакиадасында ҚТЖ алғашқы алтын медалді еншіледі
Аймақтар
07.08.2026
Арқалықта жаңғыртудан кейін теміржол вокзалы ашылып, жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
Жаңалықтар
07.08.2026
«Нұрлы жол» вокзалында санитарлық үй-жайлар жаңартылуда
Аймақтар
07.08.2026
Кәсіби шыңдалу мектебі
Аймақтар
07.08.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбедегі вокзалдың құрылысын тексерді
Аймақтар
07.08.2026
Екпінді станциясында 800 метр жол жаңарды
Жаңалықтар
07.08.2026
Астана – 1 вокзалы заманауи, қауіпсіз және жайлы болады
Аймақтар
07.08.2026
Күзет қызметінің қырандары
Қауіпсіздік
07.08.2026
Қауіпсіздік талаптарын сақтау – міндет
Аймақтар
07.08.2026
Алпыс жылдық абыройлы жол
Жаңалықтар
07.08.2026
Кәсіподақ белсенділері марапатталды