Ақтөбелік теміржолшылар көктемгі тасқынға тастүйін дайын

Аймақтар
09.03.2024, 10:33
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі көктемде болуы ықтимал төтенше жағдайларға дайындықты күшейтті. Тасқын кезінде теміржол инфрақұрылымына зиянын тигізуі мүмкін жағдайлармен жұмыс жоспары дайын.

«Теміржолдардың маңындағы су тасқыны салдарынан жол төсемдерін шайып кететін тұстар, ойпат жерлер, зақымданған жерлердің топырақ қабаттарына ерекше көңіл бөлінген. Тасқынға қарсы шаралар аясында қой тастар, рельс топтамасы, темірбетон шпалдары секілді қосалқы бөлшектер жинағы жасақталды. Көлік құралдарының жанар-жағармайлар қоры жасақталды», – деді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің бастығы Бауыржан Хамзин.  

2024 жылғы көктемгі су тасқы нына уақытылы дайындау жұмыстары барысында 32 вагоннан тұратын 6 су тасқынына қарсы қызмет пойызы жасақталды. Оның ішінде құралдар мен материалдар, арнайы киім тиелген алты жабық вагон бар. 10 платформа қой таспен толтырылған, кондиционерленбеген темірбетон шпалдар тиелген 12 платформа және рельс пакеттері тиелген 4 платформа дайын. Бұл пойыздар қауіпті аймақ саналатын Орал, Никельтау, Ақтөбе, Қандыағаш, Біршоғыр, Шалқар станцияларына орналастырылды.

Бауыржан Хамзиннің айтуынша, бөлімше бойынша барлығы 147 орын қауіпті аймақ ретінде қаралады. Орал жол дистанциясында 32 орын, Никельтау жол дистанциясында 22 орын, Ақтөбе жол дистанциясында 6 орын, Қандыағаш жол дистанциясында 16 орын, Біршоғыр жол дистанциясында 49 орын, Шалқар жол дистанциясында 22 орын назарға алынды. Қар жалдары құлауы мүмкін тұстарға және мұзды жару үшін бұрғылау жұмыстарына қажетті жарылғыш заттар әзірленді. Қазіргі таңда теміржол бойларын қардан тазалау жұмыстары аяқталды.  

Бөлімшеде теміржол төсемінен жоғары орналасқан 16 бөгет пен су қоймасы бар. ПЧ басшыларымен бірлесіп су тораптарының шлюздері тексерілді. Орал, Ақтөбе облыстары аумағында ТЖД-мен бірлескен алдын алу жұмыстары жүруде. Су деңгейін бақылау үшін су ағындарының арналарын өлшеу жүргізілетін көпірлердің тізбесі жасалды. Дабыл қондырғысы және байланыс желілері тексерілді. Қауіпті аймақтарға тәулік бойы кезекшілік қойылған. Жергілікті органдардың басшыларымен бірге су қоймалары мен ауыл шаруашылығы су тоспалары тұрақты бақылауда ұсталынады.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты