Атырауда электр желілері жаңаруда

Аймақтар
12.03.2024, 11:20
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау электрмен жабдықтау дистанциясы электр желілерін жаңғыртып, жаңартуға кірісті.

Мекеме Атырау – Мақат, Мақат – Сағыз, Атырау – Д.Нұрпейсова, Мақат – Құлсары, Құлсары – Бейнеу аралықтарындағы станцияларды және құрылғыларды ток көзімен қамтамасыз етеді.  

Қазіргі уақытта 857,6 шақырым жоғарғы вольтты ток желілерін жоспарлы жөндеу жұмыстары толығымен жүргізілді. Дистанция бойынша 105 дана ВЛ-10кВ АБ және ПЭС әуе желісі бағандары, Ганюшкино – Жолтөбе бекеттері аралығында 55 шақырым АС-35 сымы ауыстырылды, 40 дана бағандарға тіреулер қойылып бекітілді. Доссор станциясында трансформатор қосалқы станциясының төбесі жабылып, Сағыз бен Аққыстау станциясындағы аудандық электр торабының әкімшілік ғимараты ағымдық жөндеуден өткізілді. Яғни ғимарат іші заманауи құрылыс қоспаларымен әктеліп, қабырғасы мен едені керамикалық таспен қапталды.  

Сондай-ақ су желісі пластикалық құбырға, жарықтандыру жарықдиодты лампаларға ауыстырылды. Қазіргі таңда дистанция аудандық тораптарында 2024 жылға жасақталған кешенді жоспар бойынша құрылғыларды күтіп ұстау, ауыстыру жұмыстары жалғасын табуда.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды