Атырауда көрісу мерекесі тойланды

Аймақтар
14.03.2024, 11:54
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

14 наурыз – Көрісу күні батыс өңірде кең таралған дәстүр. Бұл күні жаңа ай туды, көктем келді деп есептелінеді. Халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысып, төс қағыстыра амандасады. Еліміздің Батыс өңірінде бұрыннан бар бұл дәстүр әлі күнге жалғасып келеді.

Атырау әуежайы мен теміржол вокзалында, қоғамдық көліктерде халықтың көңілін көтеру мақсатында домбыра-сырнаймен ән айтылып, ақ мол болсын деп жолаушыларға шұбат пен бауырсақ ұсынылды. Көрісу күніне орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Көрісу – жыл бастауы» атты мәдени-көпшілік шара өтті. Ақсақалдар ақ батасын беріп, жас келіндер қонақтарға шашу шашты.

Барлық темір жол мекемелерінде де көрісу мерекесі аталып өтеді. Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшесі кәсіподақ комитетімен бірлесе көрісу салтын ұйымдастырды. 

«Жұмыс аптасы басталар шақтағы таңғы 8-де дастархан жайылып, ұлттық тағам түрлері – қымыз бен шұбат, бадана бауырсақ, сүзбе мен жент, тағы басқа тәттілер қойылды. Ұлттық киім киген қыз-жігіттер келушілерге дәм ұсынып, қызмет етті. Қызметкерлер, жан-жақтан желіден келген жұмысшылар бір-бірімен көрісіп, мәре-сәре болысты. Үлкендер жағы «Көрісу салты құтты болсын, жыл басымен!», «Жылдан жылға аман жетейік!» деп баталарын берді», – дейді кәсіподақ төрағасы Боранбай Қамиев.

Желі бойындағы теміржолшылар да бұл мерекеден қалыс қалған емес. Ганюшкино, Дина Нұрпейсова, Аққыстау, Мақат, Құлсары, Сағыз, т.б. станциялар мен разъездерде теміржолшылар жұмыста бәрі бір-бірімен қол алысып, төс қағыстырып көрісіп, жыл басымен құттықтады.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды