Қылдай сымның қызметі құнды

Аймақтар
15.03.2024, 09:55
Суретті түсірген автор
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Сарыағаш станциясында жүздеген реле орналасқан кабинетті тұтас мекеменің жүрегі десе де болады. Себебі жолдардың бос болуы мен жылжымалы құрамдардың шойын жолда жүйткуі осы релелік кабинетте реттеліп, басқарылады. Мәселен, бағыттағыш бұрманың автоматты түрде қажетті бағытқа қарай қозғалуы мен қызылды-жасылды шам жанып, машинистерге маңызы зор белгілер осы жерден беріледі.

– Сағат тілі секілді тықылдап істеп тұрған трансмитерлік реле құрылғысының негізгі қызметі – станция паркінде тұрған немесе шойын жолда келе жатқан пойыз машинисіне кодтық белгі беру. Сол кодтық белгіні осы құрылғымыз өндіреді. Бұл кернеуді өзіне қабылдау нәтижесінде үш бағытты шифрлы код өндіріп, екінші тарапқа жөнелтеді, – дейді салада 23 жылдық тәжірибесі бар Арыс белгі беру және байланыс дистанциясына қарасты «Арыс-Сарыағаш» телімінің басшысы Алмас Қонысов.  

Оның айтуынша, шифрлы кодтың үш түрі бар: оның біріншісі, «бір импульс – бір интервал». Трансмитерлік реле тілінің тықылдап дыбысталу жиілігі бір сарынды және үздіксіз. Мұны бағдаршамның түсімен үйлестіріп айтқанда «қызыл-сары» түс дейді. Бұл кезде пойыз тоқтау керек. Екіншісі, «екі импульс – екі интервал». Бұл кезде реле тілінің тықылдау жиілігі екі рет қатарынан соғылып, екі рет интервалдық үзіліс сақталады. Міне, бұл «сары түс» – «жәй жүр» деген белгі екен. Үшіншісі, «үш импульс – үш интервал». Дыбысталу шапшаңдығы қатарынан үш рет тықылдайды. Яғни, тық-тық-тық. Бұл бағдаршамның «жасыл» түсі, машинистке белгіленген жылдамдықпен ғана жүр дегенді білдіреді екен. Сонда дейміз-ау, бойына алпыс мың аттың күшін дарытып, мыңдаған тонна жүк сүйрейтін алып локомотивтің жүріс-тұрысының бәрі осы бір ғана қылдай құрылғының тіліне тікелей тәуелді дегенге сенгің келмейтін сияқты. Бірақ, бұл – шындық.  

Алмас Нәбиұлының өз ісінің нағыз шебері екендігіне тағы бір көзіміз жете түскен тұс – ол реле тілінің металдық құрамына қатысты айтқан пікірі болды. Бізбен өрбіген әңгіме барысында ол трансмитерлік реле тілінің контактісі күшейтілген, «СР/КД» деген қоспалы металдан жасалатынын атап өтті.  

– Бұл құрылғының құрамы 86 проценттік күміс пен 14 проценттік кадмий қоспасынан жасалады. Сондықтан да ол оңайлықпен күймейді. Қылдай сым атқаратын қызметтің құнын осыдан да бағамдай беріңіз, – дейді ол.  

Сонымен қатар теміржолшыларға локомотивтердің «ПЖ-50» деген шамы таңсық болмаса керек. Байланысшылар бұл шамды сақтандырғыш құрылғысының күйген-күймегенін әп-сәтте білу үшін кеңінен қолданады. Яғни сақтандырғыштың қылдай сымы үзілген жағдайда, әлгі локомотив шамының спиралі әлсіз ғана қызарып, сақтандырғыштың қызметін өзі атқарады. Ал қызарып тұрған шамнан оның қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрғанын біліп, күйген сақтандырғышты дереу ауыстыра қояды. Бір қызығы, ұжымның жігіттері әлгі «ПЖ-50» шамы жанған жағдайда қосымша индикациялы қоңыраулы дыбыс шығаратын жүйені де тиімді пайдаланып келеді. Демек, мұны қандай да бір ауытқушылық орын алған жағдайда ақауды жедел табудың ескі де болса, оңай әрі озық тәсілі деуге болады.  

Алмас Қонысов Арыс – Сарыағаш теліміндегі 30 адамның басын қосатын бригадаға 2008 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. Жалпы мұнда 8 станция бар болса, оның әрбірінде тәжірибесі толысып, білімі шыңдалған сауатты мамандар жұмыс істейді.  

Бүгінде ұжым күтіп, баптайтын учаскенің бір жағы Арыс атырабындағы темір жолмен түйіссе, екінші басы көршілес Өзбекстанның теміржол шаруашылығымен ұштасады. Қазіргі кезде олар шекаралық аймақтағы «ЗГ» деп аталатын бағдаршамның (шеткі тосқауыл бағдаршамы) қалыпты жұмыс істеуін жіті қадағалайды. Себебі бағдаршам Келес өзенінің үстіне салынған көпірге қойылған. Жылжымалы құрамның қозғалысына қандай да бір кедергі келтіретіндей қауіп төнсе, әлгі бағдаршамның қызыл түсі жанып, белгі береді. Ондай жағдайда өз ісінің білгірі саналатын сала мамандары істі оңтайлы шешуге шұғыл кірісетін көрінеді.  

 

Жаңалықтар
14.06.2026
Azerbaijan-Kazakhstan Sea Cable System жобасының жаңа кезеңі
Жаңалықтар
13.06.2026
Астанада Қазақстан темір жолдары тарихының мұражайы ашылды
Жаңалықтар
12.06.2026
Абай облысында қайта жаңартудан кейін Ауыл және Белағаш станцияларының вокзалдары ашылды
Жүк тасымалы
12.06.2026
Астық және ұн экспорты 13%-ға өсті
Әлеумет
12.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың әлеуметтік пакетін жақсартты
Аймақтар
12.06.2026
Жамбыл теміржолында табыс та, тасымал да еселенді
Аймақтар
12.06.2026
Қырағы вагон қараушы апаттың алдын алды
Инфрақұрылым
12.06.2026
Күрделі жөндеуді межелеп қалды
Аймақтар
12.06.2026
Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді
Аймақтар
12.06.2026
Жаңа көшеге майдангер әрі теміржолшы Өтеубай Ордабайұлының есімі берілді
Спорт
12.06.2026
Ақтөбеде бильярдтан үздік теміржолшылар анықталуда
Жаңалықтар
12.06.2026
Талғат Алдыбергенов еңбек ұжымына үндеу жолдады
Жаңалықтар / Мұрағат
12.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №45 12 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
11.06.2026
Астанадағы C5+1 диалогында Транскаспий дәлізін дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
11.06.2026
«Теміржолсу» АҚ мыңнан астам теміржол инфрақұрылымы нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізді
Жаңалықтар
11.06.2026
Астана Халықаралық университетінің студенттері ҚТЖ жұмысымен танысты
ҚТЖ келбеті
11.06.2026
Семейлік инженер Мария Тұрсынова «Үздік рационализатор» атанды
Спорт
11.06.2026
Жолшылар мен машинистер арасындағы тартысты дода
Әлемде
11.06.2026
ЕО шекарааралық теміржол қатынасын жеңілдететін жаңа ережелер қабылдады
Жаңалықтар
10.06.2026
ҚТЖ теміржолшылардың балаларын марапаттады