Пойыздағы жолаушыларға Қыдыр ата ақ жол тіледі

Аймақтар
18.03.2024, 12:45
Суреттерді түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар қауымы шуақты мейрам Наурыз мерекесін атап өтуді бастап кетті. Бұл орайда жуырда жарияланған ұлттық мерекенің онкүндігі, «Наурызнама» тұжырымдамасы басшылыққа алынуда.

Көктемнің көрікті мерекесінің алғашқы лебі ең алдымен жолаушылар нөпірі көп Семей вокзалында сезілді. Ертегі кейіпкері Қыдыр ата бастаған бір топ жергілікті әнші-бишілер вокзал іші мен келіп тоқтаған жолаушылар пойызының вагондарын думанға бөледі.  

Мұндай тосын сыйды күтпеген жолсеріктер мен жолаушы халық ризашылықтарын білдіріп қошеметтеп қол соқты. Көпшілігі өнерпаздарға қосылып ән салып, би  билеп, наурыз думанды одан әрі қыздырды.

Десек те, мерекенің мәні тек ән-жырдан ғана тұрған жоқ. Вокзал перроны мен күту залындағы жолаушылар қауымына қазақтың төл әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлеріне қатысты түрлі викториналық сұрақтар қойылды. Атап айтсақ, «Бастаңғы», «Тоқымқағар», «Асар», «Ерулік» ұғымдары туралы түсініктері сұралды. Мұндай қызғылықты әрі танымдық мәні зор этнографиялық сауалдарға әсіресе аға буын өкілдері жақсы жауап берді. Жаңылыспай дәл жауап берген жолаушыларға арнайы сыйлықтар тарту етілді.

Сонымен қатар сапарға шығушыларға Қыдыр ата ақ батасын беріп, ақ жол тіледі.  

– Осынау ерекше іс-шараның басты мақсаты – ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрімізді қайта жаңғырту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Наурызнама бойынша тойланатын әрбір күн, қазақ халқы үшін ерекше маңызға ие болмақ, – дейді бұл орайда мерекелік шараны ұйымдастырушылар.

Айта кетейік, аталмыш мәдени-рухани тұрғыдан маңызы зор шараны вокзал қызметкерлері «Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына» қарасты Семей Мәдениет сарайының өнерпаздарының көмегімен бірлесіп әзірлеген болатын.

Десек те, бөлімшенің кәсіподақ комитеті Наурыз мерекесіне орай арнайы бағдарлама әзірлеп, іске асыруды бастап кетті. Оған мекемелер басшылары, Жастар ұйымының мүшелері, Ардагерлер кеңесі атсалысуда. Мерекенің негізгі шырқау шегі, салтанатты шара 22 наурыз күні вокзал алаңында өткізілетін болады.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды