Атыраулық теміржолшылар Ұлттық киім күнін атап өтті

Аймақтар
18.03.2024, 14:34
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Атырау қосалқы бөлімі мен Атырау магистральдық желі бөлімшесіне қарасты барлық құрылымдық бөлімше қызметкерлері жұмысқа ұлттық киіммен келді.  

Ерекше ажарланып кеткен теміржол қызметкерлері қазақтың ұлттық киімінің неше түрлі сан үлгісін көрсеткендей еді. Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді. Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар, асыл тастар мен металдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ-дәрежесін, байлығын көрсететіні де рас. Сол арқылы ұлттық киім күні киім үлгісі арқылы әр адамға өз даралығын білдіруге, сонымен қатар еліміздің  бірлігі мен мәдени әралуандығын танытуға мүмкіндік беріп отыр. Соған орай атыраулық теміржолшылар ұлттық киім киюге аса құрметпен қарайды.  

Айта кетсек, жуырда ғана Атырауда өткен Ұлттық құрылтай барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде кейбір ірі компаниялар мен оқу орындары ұлттық нақышта киіну үрдісін енгізіп жатқанын, оның өте орынды бастама, оны қолдап, ауқымын кеңейте түскен жөн екенін айтқан болатын.  

Бұл күні Ақжайық сигнализация және байланыс дистанциясының ұжымы ұлттық киім киіп келумен қатар, ұлттық тағамның түр-түрін дайындап, кең дастархан жайып, әріптестерін қонақ етіп күтті.    

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды