Атырауда Наурыз мейрамы жалпыхалықтық сипат алды

Аймақтар
28.03.2024, 12:02
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатқа айналды. Оның көрінісі Атырауда да байқалды.

Мереке орай Атырау қосалқы бөлімі мен магистральдық желі бөлімшесі кәсіподақтарының атсалысумен «Қош келдің, Наурыз мейрамы!» атты концерттік шара өтті. Бөлімше ғимараты маңындағы үлкен алаңда, атап өтілген мерекеде  ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртып ән айтылып, күй тартылды, түрлі ұлттық ойындар ойналып, наурызкөже таратылып, ақсақалдар бата берді.  

Атырау қосалқы бөлім бастығы Аслан Базарғалиев пен магистральдық желі бөлімшесі бастығының міндетін атқарушы Амангелді Рахмеденов көпшілікті ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. Алаңға 16 қанат киіз үй тігіліп, онда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде пайдаланатын барлық ұлттық бұйымдар қойылған екен. Қонақтар түрлі ұлттық тағамдардан дәм татып, пойыз құрастырушы, электромеханик, жолшы, байланысшы, машинист, вагон қараушы сынды нағыз теміржолшылардан құралған өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, мың бұралған бишілер де ортаға шықты. Наурыз атауына қатысты викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді. Түгел ұлттық киім киіп, кешке дейін серуен құрған наурыз мейрамы осылай жалпыхалықтық сипатқа ие болды.    

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды