Берекелі мереке

Аймақтар
28.03.2024, 13:16
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Ұлыстың ұлы күні – Наурызды Сыр бойының теміржолшылары жоғары деңгейде атап өтті. Аймақтағы салалық мекемелердің барлығында мерекелік көңіл-күй қалыптасып, ұлттық киім киген қызметкерлер бір-біріне қонақ болып, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын деп тілек айтты.

Қызылордадан бастап аймақтағы Қазалы, Шиелі, Жаңақорған, т.б. станцияларда наурыз дастарханы жайылып, перронда жолаушыларға бауырсақ пен наурызкөже ұсынылды. Қазалы вагон депосы мен Қызылорда локомотив пайдалану депосында  алтыбақан құрылып, қыз-жігіттер тербеліп ән салды. Түрлі спорттық жарыстар өтіп, аламан бәйге ұйымдастырылды. Қазан-қазан ас пісіріліп, наурызкөже, бауырсақ пен шелпек, құрт пен жент, т.б. ұлттық тағамдар берекелі наурыздың дастарханын толтырды.

Нұртай Байғазы басқаратын Қызылорда локомотив пайдалану депосында  кәсіподақ ұйымының төрағасы Еркін Асанхановтың ұйымдастыруымен нағыз той болды. Аулада әр колонна бойынша арқан тартысы ұйымдастырылып,   машинистер білек күшімен сынасты. Нәтижесінде 5-колонна, 6-колонна және 4-колонна машинистері жүлделі орындарды иеленді. Гір тасын көтеруден Бақыт Мамбеталиев пен Бауыржан Назаров 1-орын, Жомарт Төреханов, Азамат Сыдық пен Асқар Бекмамбетов кейінгі орындарды бөлісті. Ұлттық сайысқа шыққандардың барлығына депо басшылығының және «Қазкөліккәсіп» ҚБ Қызылорда филиалының төрағасы атынан марапат берілді.

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды