Атырауда қосымша пойыздар шығарылуда

Аймақтар
08.04.2024, 13:27
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырауда су тасқынына қарсы шаралар қарқынды  жүргізіліп жатыр. Облыста төтенше жағдай жарияланып, қауіпті аймақтан адамдар көшірілуде.

Жем өзенінің тасуы әсерінен Құлсары қаласының біраз бөлігін су басып қалып, қазірде халықтың күшімен су деңгейін төмендету жұмыстары жүргізілуде. Яғни, Ордабай, Қызылжар каналдарына қарай бағыттағы бөгетті жарып, суды сонда ағызып жатыр. Жайық өзені тасуы мүмкін болғандықтан қала-аудандарда да жағалауды бекіту жұмыстары қызу жүріп  жатыр.  

Теміржолшылар қосымша пойыздар шығаруда. Сәуірдің 5-күні қосымша Құлсары – Атырау пойызы жүргізіліп, алғашқы күні 385 адам, оның ішінде 99 бала қалаға жеткізілген. Бұл пойыз әлі де өз жұмысын жалғастыруда. Атырау қосалқы бөлімінің бастығы Аслан Базарғалиевтің айтуынша, 07.04 күні Құлсары –Маңғыстау бағытында қосымша пойыз шығарылып, оған 500-ге жуық адам мінген. Құлсарыға 3375 адамға көмек көрсетіліп, 1660 адам эвакуацияланған. Атыраудан Құлсарыға пойыз арқылы 7 сәуір күні 3 вагон ауыз су мен 4 вагон азық-түлік жеткізілсе, 8 сәуір күні тағы жиынтық материалдар тиелген (күрек, қапшық, құрал-саймандар, азық-түлік, сусындар, киім-кешек, гигиеналық заттар) гуманитарлық тағы жеті вагон жүріп кетті.  

Аймақтағы апатты ахуалға орай өңірге келген «ҚТЖ» АҚ» ҰК Басқарма төрағасы Н.Сауранбаев, орынбасары Қ.Әлмағамбетов, ЦЖС Рахметов Құлсары –Атырау аралығындағы темір жол мен көпірлердің жағдайымен танысып, штаб жиналысына қатысты. Жалпы алғанда, жағдай тұрақты бақылауда. Темір жол аман, пойыздар жүріп жатыр. Құлсары станциясы, басқа да құрылымдық мекеме жұмыстары штатты режимде жұмыс істеуде. Биікте тұрғандықтан ол жақты су баспаған. «Адамдарды пойыз арқылы тасымалдау, гуманитарлық жүктерді, автобензин жеткізу, т.б. шұғыл жұмыстарға теміржолшылар бір кісідей атсалысып, қолдан келген көмектерін жасап жатыр», – дейді Аслан Базарғалиев.

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды