Ақтөбеге ауыр техникалар келді

Аймақтар
15.04.2024, 14:15
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясына Қызылорда бөлімшесінен 7 платформа және Жаңатас станциясынан екі платформа жеткізілді. Ауыр техникалар өңірдің төтенше жағдай жарияланған аудандарына жіберіледі.

Ақтөбе станциясы басшысының жедел ұйымдастыру жұмысы жөніндегі орынбасары Саят Айтжановтың хабарлауынша, жеткізу жұмыстарында кедергі жоқ. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен жергілікті әкімдіктер тарапынан түскен ұсыныстар жедел қаралып, тасымалдау жұмыстары дереу қолға алынды.  

«Теміржол арқылы тегін, қауіпсіз жеткізу жұмыстары тәулік бойы ұйымдастырылуда. Қызылордадан міне, екі экскаватор, екі бульдозер, су сору техникасы, жол талғамайтын биік машина және қайық келді. Бірден кедендік көлік қызметіне хабарланды. Түсіру жұмыстары ұйымдастырылды. Техникалар төтенше жағдай жарияланған аудандарға жіберіледі. Тағы екі платформа келе жатқаны айтылды», – деді Саят Айтжанов.  

Сонымен қатар, демалыс күндері Жаңатас станциясынан екі платформамен техникалар жеткізілді. Онда моторлы қайық, су сору техникасы, қазу жұмыстарын жүргізетін техника т.б.  Олардың барлығы алдын алу, бекіту жұмыстары жүріп жатқан қауіпті аймақтарға жіберіледі.  

Қазіргі уақытта төтенше жағдай жарияланған Ақтөбе өңірінде су тасқыны ахуалы тұрақталды. Қауіп сейілді. Дегенмен алдын алу шаралары, ауыл халқын эвакуациялық пунктерге көшіру жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Торғай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне қатысты құтқару жұмыстары тоқтаған жоқ.

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға