Атырау облысында су тасқынымен күрес жалғасып жатыр

Аймақтар
19.04.2024, 10:57
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау облысында су тасқынымен күрес әлі де өзекті болып отыр. Тасқынмен күресуге ірі кәсіпорындар да үлкен үлес қосып жатыр. «Полимер Продакшн» ЖШС Атырау қаласында қап шығару өндірісін іске қосты.

Құм толтырылған қаптар су тасқынына дайындық кезінде аумақтарды су басуға жол бермейтін бөгет жасап, тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қорғау үшін қолданылады. Зауытқа шикізат «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» компаниясынан 9 сәуір күні келді. Содан бері олар екі ауысымда жұмыс істеп, күніне 20 мың қап шығарды. Сондай ақ «Доссор-Құлсары» автожолының су шайып кеткен 101-шақырымы қалыпқа келтірілді. Оған 45 адам, 28 техника жұмылдырылып, 12 су өткізгіш тұрба салынды.  

Облыста екі ауданда жаға бекіту жұмыстары аяқталып келеді. Махамбет ауданында қазір тасқынға қарсы шаралар тәулік бойы жүріп жатыр. Аудан әкімдігінің мәліметінше, елдімекендерді судан қорғау бөгеттерінің ұзындығы 80 шақырым. Қазіргі уақытта ұзындығы 64 шақырым дамбының 54 шақырымы нығайтылды. Қалған бөлігін бекіту жұмыстары жалғасуда. Аудан бойынша сонымен бірге 19,3 шақырым болатын жаңа бөгет соғу жоспарланып, аталған бөгеттің 15,2 шақырымы соғылды. Жаға бекіту жұмыстарына Махамбет ауданы бойынша, мекемелердің 250 қызметкері, 3500 ерікті, 331 әскери және 226 техника жұмылдырылған. Тасқынға қарсы іс-шаралар Индер ауданында да тәулік бойы жалғасып жатыр. 14 сәуір күнгі жағдай бойынша, жаға бекіту мақсатында ұзындығы 21,5 км бөгеттер салынды. Жағаны бекіту жұмыстарына арнайы 84 техника, 480 мекеме қызметкерлері мен ауыл азаматтары және 350 әскер жұмылдыруда. Сонымен қатар, суға кету ықтималдығы бар Индербор кенті, Елтай, Есбол, Көктоғай, Бөдене, Өрлік және Ынтымақ ауылдарының бөгеттері де көтерілуде. Қызылбалық, Құрманғазы ауылдарында бекітілген жұмыстың 70 пайызы біткен, қалғаны әлі де жалғасуда. Аймақта жүріп жатқан жұмысқа темір жол мекемелерінің қызметкерлері де тартылған.  

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының хабарлауынша, Құлсары қаласында қоғамдық көлік қозғалысы қалыпқа келе бастады. Бүгінде қала ішінде 4 бағытта 14 автобус қатынауда. Қосшағыл, Жаңа Қаратон, Майкөмген, Жем ауылдық округтеріне автобустар қалыпты жұмысына кірісті. Төтенше жағдай орын алғанға дейін Құлсары қаласы ішінде, ауылдық округтерді қоспағанда 12 бағытта 55 автобус қатынайтын. Қала көшелері судан тазартылып, көліктерге жүру толықтай қолайлы болған жағдайда қатынау бағыттары мен автобустар санын артатын болады, – дейді "Батыс Тех Инвест" ЖШС басшысы Әуез Әбіләкім.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды