Маңғыстаулық өрт сөндіру пойызы дайындықтарын пысықтады

Аймақтар
19.04.2024, 12:06
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Маңғыстау станциясында 42-тұйық жолында жолаушылар вагонынан өрт шықты. Тілсіз жаумен күреске өрт сөндіру пойызымен бірге жергілікті азаматтық қорғаудың өртке қарсы бөлімінің қызметкерлері мен техникасы да жұмылып, қызыл жалынды жарты сағатта ауыздықтады.

12 сәуір күні түбек теміржолының Маңғыстау станциясында өткен кезекті тактикалық-арнайы оқу-жаттығудың сценарийі осылай болды. Аталған төтенше жағдайларға дайындықты пысықтау шарасы бекітілген кестеге сәйкес Маңғыстау станциясының өрт сөндіру пойызының қатысуымен «Жолаушылар вагонындағы өртті сөндіру» тақырыбында өтті. Оған Маңғыстау станциясының №48 өрт сөндіру пойызынан бөлек Мемлекеттік өртке қарсы қызметі, Азаматтық қорғаудың өртке қарсы буындары түгел қатыстырылды.  

Сценарий бойынша сағат 15.00-де Маңғыстау станциясының өрт сөндіру пойызына Маңғыстау станциясының №42 тұйық жолаушылар вагонындағы өрт туралы хабарлама түсті. Хабарды алған бойда Маңғыстау өрт сөндіру пойызының жеке құрамы жинақталып, оқиға орнына келді. Сағат тілі 15.03 минутты көрсеткенде №5өрт сөндіру бөлімінен 3 (АЦ-40, АЦ-10-70, АЦ-8-70) техника 15 жауынгерлік құраммен келіп жетіп, сағат 15.05-те өртті сөндіруге кірісті.

– Тактикалық оқу-жаттығуымыз өз деңгейінде өтті. Жолаушылар вагонында шыққан өртті толықтай жоюға 32 минут уақыт жұмсалды. Өрт сөндіру бойынша жергілікті қызмет өкілдері бірлесіп, дайындығымызды тексеріп, тағы бір рет пысықтап алдық. Іс-шара барысында өрт сөндіру үшін су және бүріккіш көбік пайдаландық. Өрт сөндіру пойызынан №1 мотопомпадан 20 метрге 1 Магистральдық желі және су беру үшін 2 литер Б жұмыс желісінің тармақтары арқылы тартылды. №2 мотопомпадан 20 метрге 1 Магистральдық желі және бүріккіш көбік беру үшін жұмыс желісі салынды. Нәтижесінде сағат 15.31 минутта өрт ауыздықталып, толықтай өшірілді. Оған барлық қызмет өкілдерін қосқанда, соның ішінде теміржол мекемелерінен де бар, жалпы 92 адам қатысты. 11,520 тонна су жұмсалды, – дейді Маңғыстау мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бастығы Қайырхан Таласов.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға