Семейлік теміржолшылар жылыту маусымын қорытындылады

Аймақтар
23.04.2024, 11:53
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесі биылғы 2023- 2024 жылғы жылу беру маусымын қорытындылады. Аймақ бойынша маңызды саналатын бұл мәселеде тек коммуналдық қызмет саласы ғана емес, теміржолшыларға да жүктелген жауапкершілік аса жоғары.

Биылғы қыс Семей теміржолына қарасты барлық нысандар қатты отынмен дер кезінде қамтылып, жазғы жөндеу жұмыстарының нәтижесі себепті апатты жағдай орын алмады. Мұның сыртында ТЧЭ-24 сынды бірқатар мекемелердің жылу желілері де жаңартылған болатын.  

Десек те, шығыстың қаһарлы қысында теміржолшылар үшін үлкен міндет аймақты дер кезінде көмірмен қамту екені белгілі. Осы ретте қатты отын саудасы бойынша дүрбелең орын алған жоқ. Барлық жылу қазандықтары дер кезінде көмірмен қамтылып, ең кемі екі аптаға жететін отын қоры тұрақты түрде сақталып отырды. Оған Семей ЖТ бөлімшесі қабылдаған бірқатар тың шаралар да себеп болды.  

Жалпы, биылғы қыста жергілікті теміржолшылар облысты 600 мың тоннаға жуық қатты отынмен қамтыпты. Бұл жылдық жоспардың 99 пайызы деген сөз. Тәулік сайын облыс көлеміндегі әр теміржол тұйығына орта есеппен 30 вагон көмір немесе 2 мың тонна қатты отын уақытында жеткізіліп тұрды. Бұрынғы жылдардағыдай іркіліс, вагон тапшылығы орын алмады.  

Айта кетейік, жуырда жылу беру маусымының аяқталуына орай қалалық әкімдікте өткен жиында өңір басшысы шаһарды жылумен қамтуға атсалысқан ұйым басшылары қатарында бөлімше директоры Алмас Сейсемқановқа алғыс айтты.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті