Теміржол – жас буын көзімен

Аймақтар
26.04.2024, 11:59
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде болашағын темір жолмен байланыстырғысы келетін жасөспірімдер үшін әрдайым есік ашық. Бөлімше басшылығы мен салалық кәсіподақ ұйымы мектеп оқушылары мен колледж студенттері үшін танымдық-тағылымдық бағыттағы іс-шараларды жиі ұйымдастырады.

Айта кетер жайт, семейлік теміржолшылар осыдан біраз жыл бұрын қаладағы №8 балалар үйінің тәрбиеленушілерін қамқорлықтарына алған болатын. Әлі күнге демеушілік көрсетіп, көмек қолдарын созып отырады. Балалар үйінің жасөспірімдерін бірнеше рет бөлімшеге шақырып, теміржол әлеміне саяхат-сабақ та ұйымдастырды. Олар үшін ең қызықты орта – диспетчерлік орталық, кластан тыс Семей станциясындағы қозғалыс процесін бақылау. Бөлімшеге қарасты желі бойындағы пойыздардың қозғалыс реттілігі мен басқарылуын таблодан тамашалап, сұрақты жаудыртқан балалар арасында болашақта теміржолшы болсам дегендердің қатары артты. Дөңес паркіндегі вагондарды сұрыптау жұмысын алыстан бақылап, пойыз құрастырушылардың жауапты қызметі, вагондардан пойыз жасақтау жұмысын да көзбен көріп, көңілге түйген жасөспірімдер үшін мұндай экскурсия сабақтары, сөз жоқ, олардың алдағы тағдырына, мамандық таңдауына зор ықпал ететіні анық.  

Танымдық шара барысында жасөспірімдер теміржолдың әліппесімен танысумен қатар сала қызметінің күрделі және адам өміріне қауіптілігіне де қанықты. Ал экскурсияны ұйымдастырған теміржолшы жастар оларға бұл саланың жұмысын жан-жақты түсіндіріп беруге тырысады.  

Темір жолға саяхат жасауға тек мектеп оқушылары ғана емес, жергілікті жоғары және арнаулы білім ордаларының студенттері де жиі келеді. Мәселен, Семей электротехникалық колледжі мен Шәкәрім атындағы университет теміржолшылармен тығыз байланыста. Бүгінде Семей ЖТ бөлімшесінің базасында аталмыш оқу орындары шәкірттері үшін дуальды оқыту жолға қойылған. Соның аясында болашақ теміржолшылар үшін практикалық дәрістер жиі өткізіледі.  

Бөлімшеге экскурсияға келетін студенттер өз мамандықтарына сай станция басындағы қозғалыс қауіпсіздігі, жүк тасымалы процесін жүргізу, электрмен қамту және байланыс саласына қатысты дәріс алады. Мәселен, бөлімшенің логистика бөлімінің жүк диспетчері, оқытушы-практик Елена Гуржий арнайы тақырыптар аясында дәріс өткізуді дағдыға айналдырған.  

– Маңыздысы сол, мұндай экскурсия кезінде жастар, мәселен жүк тасымалы процесіне қатысушылар жұмысына қанығып, сезіне де алады. Табло жұмысымен іс жүзінде танысады. Оқу орнындағы тақырыптарды еске түсіріп, «үй тапсырмасын» да айтып береді. Куә болып жүргенімдей, жастардың ынтасы жоғары, дәрістерге қызығушылықпен қатысады, – дейді ол.

Теміржолшылар мен өскелең буын арасындағы байланыс саланың ертеңі сенімді қолда екенін айғақтаса керек.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда