Техникалық дәріс өтті

Аймақтар
06.05.2024, 16:31
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей ЖТ бөлімшесінде теміржолшылар арасында түрлі мәселелер бойынша түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Әсіресе жаңадан қабылданған ұжымдық шарт, еңбек қатынастары мен әлеуметтік жеңілдіктер өзекті тақырып болып тұр.

Жуырда кадр бөлімінің менеджерлері бөлімшенің ең ірі ұжымы саналатын, 200-ден аса қызметкері бар кластан тыс Семей станциясының теміржолшыларымен кездесу өткізді. Техникалық дәріс түрінде өткізілген басқосу барысында түрлі тақырыптар қозғалды. Әсіресе зиянды еңбек жағдайларына байланысты 55 жастан зейнеткерлікке шығу мүмкіндігі мен талаптары, 2024-2026 жылдарға арналған ұжымдық келісімшарт, сонымен қатар емдік шипажайларға жолдама алу бойынша мейлінше тың мағлұматтар берілді. Еңбекақы төлеу, мерекелер мен атаулы күндері берілетін сыйақылар көлемі, еңбеккерлерге арналған әлеуметтік пакет жайлы кеңінен сөз өрбіді. Қолайлы жұмыс орнын қалыптастыру, қызметтік киім, еңбек жағдайларын жақсарту да тыс қалмады.

Еркін диалог алмасу алаңын қалыптастыру үшін мұндай жиындарға басшылық тарап қатыстырылған жоқ. Сондықтан да болар, қарапайым қызметкерлер өз сауалдарын қысылмай қойып, жауап ала алды.  

– Расында бұл мәселелердің барлығы осыған дейін айтылған болса да түрлі себеппен ақпараттандырылмаған қызметкерлер де бар екен. Сонымен қатар теміржолшылардың сауалдары да жиналып қалыпты. Негізінен сала қызметкерлері үшін әлеуметтік қолдау тақырыбы өте өзекті екендігін аңғардық. Жастар да, аға буын өкілдері де сұрақтар қойды. Барлық сауалдарға тұшымды түрде жауап қайтардық деп ойлаймын, – дейді бұл орайда бөлімшенің персоналмен жұмыс атқару бөлімінің менеджері Бекзат Кәрімханов.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті