Тыл ардагеріне құрмет көрсетілді

Аймақтар
13.05.2024, 17:18
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Ұлы Жеңіс жолында қан төккендер мен тер төккендер қатарында тыл ардагерлерінің орны бөлек. «Барлығы майдан үшін, жеңіс үшін!»  деген ұранмен бел шешпей еңбек еткен бұғанасы қатпаған балалар мен қарттар соғыс кезінде елдегі барлық ауыртпалықты қайыспай көтерді.  

Маңғыстау локомотив пайдалану депосының зейнеткері Жұма Сүйіндіковтің балалық шағы да сондай кезеңге тұспа-тұс келген. Түбек теміржолында тепловоз машинисі болып зейнетке шыққан тыл ардагері қазірде Жаңаөзен қаласындағы Теңге ауылының тұрғыны.

– Колхозда ер азаматтар соғысқа шақырылып, ауылдағы шаруашылықтың бәрі әйелдер мен балаларға қалды. 13-14 жастан ауыр еңбекке жегілдік. Қыстың суығы мен жаздың ыстығында дала мен қырды кезіп, еңбек еттік. Егін де ектік, мал да бақтық. Ашқұрсақ жүріп, жеңіс үшін деп жанталастық, – деп бастан өткенін әңгімелеген ардагер Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін, 1946 жылы ФЗО-да 6 айлық тепловоз машинисінің көмекшісін даярлайтын курсты бітіріп, теміржолшы болып еңбек жолын жалғастырады. 1950-1954 жылдары әскери борышын өтейді. 1954-1966 жылдары тепловоз машинисі болып еңбек етеді. 1964 жылы Мақат-Ақтау теміржолы салына бастағанда ұлы іске атсалысады. Маңғышлақ  локомотив депосының Өзен станциясында маневрлік тепловоз машинисі болып 1996 жылы зейнетке шыққанша еңбек етеді.    

Маңғыстау локомотив депосы мен Өзен айналым депосының теміржолшылары мен кәсіподақ өкілдері Тыл еңбеккерін Жеңіс күнімен құттықтап барып,  ардагердің хал-жағдайымен танысып, сый-сияпаттарын табыстап қайтты.

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады