Арыста ауқымды жұмыс атқарылды

Аймақтар
15.05.2024, 15:03
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Оңтүстікте теміржолшылар қаласы атанған Арыс станциясын дамыту жобасын іске асырудың бірінші кезеңі аяқталды. Мұның өзі станцияның өткізу қабілетін тәулігіне 41-ден 57 жұп пойызға дейін, яғни 20% арттыруға мүмкіндік беріп отыр.    

Одақ тараған соң, 1992 жылдан бері Арыс станциясының Е, Д сұрыптау дөңестерінің жұмыстары тоқтатылып, қаңтарылып бос тұрған болатын. 2009, 2013, 2018 жылдары оларды қалпына келтіру әрекеттері болғанымен ол сәтсіз аяқталды.  

ҚТЖ басшылығының тапсырмасы бойынша өткен жылдың желтоқсан айында станцияны ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Дирекция мамандарының айтуынша, Түркістан тарапынан Д паркінің бағытындағы 860 метр байланыстырушы жолды бөлшектеуге тура келген. Өйткені Е, Д парктерінің жолдары мазуттан қатпарланып, ластанып кеткен екен. Шпалдардың да жағдайы мәз емес. Жолды УК РШП кранымен бөлшектеуге кірісіпті, бірақ толық бөлшектеу мүмкін болмағандықтан рельстерді қолмен алуға шешім қабылданған. Бұл жұмысқа төрт ай бойы күн сайын 40-50 адам жұмылдырылған.  

Жұмыстың дені жазғы жол жұмыстары басталғанға дейін, жылы келетін оңтүстіктің қысқы айларында жүргізілгендіктен, пайдалану шығындарын да азайтуға мүмкіндік болған. Сол уақытта Шымкент бөлімшесінде күрделі жөндеу кезінде шығарылған рельс-шпал торкөздерін іріктеп, төсеу жұмыстары қатар жүргізіліпті. Жол жұмысына адамдардан бөлек ПРБ жол техникасы, электробалластер, «Дуомат», «Унимат» машиналар кешені, ал шпалды ауыстыруға «Жейсмар» техникасы пайдаланылған. Бұл жұмыс Сарыағаш станциясы бойынша жүретін айналма жолдың құрылысымен бір мезгілде қатар орындалған.  

Сонымен төрт ай ішінде арнайы жол техникасының көмегімен жалпы ұзындығы 13,5 км 12 жол жөнделіп, 10 мың текше метр қиыршық тас балласты төселген.  Ескі 16 бағыттағыш бұрманың су жаңа сапалы түріне алмастырылған. Міне, осылайша Магистральдық желі дирекциясының күшімен станцияның жаңағы сұрыптау дөңестерінің екі паркі қайта жаңартылып, іске қосылған. Сонымен қатар жобаны іске асыру шеңберінде 54,5 км кабель төселіп, белгі беру, орталықтандыру және бұғаттау аппаратурасы (жалпы көлемі 433 атау), 6 вагон баяулатқышы, компрессорлық станцияны электрмен жабдықтау үшін трансформатор орнатылған.  

Арыс, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл жол шаруашылығы, белгі беру  және байланыс дистанцияларының 180-нен астам қызметкерінің күш-жігері нәтижесінде жұмыстар қысқа мерзімде аяқталып, биылғы 30 сәуірде қалпына келтірілген жұп дөңес арқылы Түркістан станциясынан келген алғашқы пойыз таратылған.  

Мамандар дөңесті қайта құрылымдау станцияның өңдеу қабілетін тәулігіне 3306-дан 5250 вагонға дейін (55%) арттыратынын, сондай-ақ Сарыағаш ШАТП бойынша шекаралық бақылауды жеделдету үшін біртекті пойыздарды қалыптастыруға мүмкіндік беретінін айтып отыр.  

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады