Семей орманында оқу-жаттығу өтті

Аймақтар
20.05.2024, 12:21
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар еліміз бойынша тұңғыш рет өткізілген «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларға қатысты. Шара Семей-Локоть телімінен, шекара түбіндегі Ауыл станциясынан он шақырым жердегі орманды алқаптың іргесінде ұйымдастырылды.

Командалық оқу-жаттығуға «ҚТЖ» ҰК» АҚ қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары департаментінің басшысы Қанат Исмаилов пен бөлімше басшысының бірінші орынбасары Ғабит Есқожанов бастаған теміржолшылар командасы оқу-жаттығуға белсенділікпен қатысып, жоғары дайындықтарын көрсетті. Орман іргесінде жаттығуды үйлестіру жөніндегі республикалық штаб ұйымдастырылған болатын. Оқу-жаттығуға ҚР ТЖМ күштері мен құралдары, орманшылар, әскерилер, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ көпфункциялы қызмет орталығы филиалының мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет тобы жұмылдырылды.  

Екі күндік іс-шараның алғашқы күнінде жергілікті жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінің өкілдері штаб жанындағы жедел топтың жұмысына қатысып, онда өрт қаупі орын алған жағдайда күштік құрылымдардың  

бірлесе әрекет етуіне байланысты мәселелер талқыланды. Мақсат – барлық қызметтік құрылымдардың төтенше жағдайды жоюға дайындығын пысықтау.  Ал келесі күнгі оқу-жаттығу шаралары барысында кенеттен басталған орман өртін сөндіру, апат аймағын қоршау, өзге де күштік құрылымдармен бірлесе әрекет ету бойынша жұмыстар жүргізілді. 

 

Шартты түрдегі оқиға орнына Семей станциясынан 12 адамнан, төрт цистернадан тұратын өрт сөндіру пойызы шұғыл жіберілді. Пойыз өртке қарсы техникалық құралдармен жабдықталған. Ауыл станциясына 100 тонна су мен 5 тонна көбіктендіргіш жеткізді. Қосымша Аягөз және Өскемен-1 станцияларынан 28 адамнан тұратын тағы екі өрт сөндіру пойызы тартылды. Сонымен қатар Семей жол дистанциясы Ауыл телімінің 40 қызметкері жедел түрде теміржол төсемінің жай-күйіне тексеру жүргізді. Бір бұл емес, шартты түрдегі өрттің таралу қаупіне байланысты жергілікті тұрғындар теміржол көлігімен өрт ошағынан шығарылды. Теміржол арқылы өртті сөндіру үшін қажетті инженерлік техникаларды тасымалдау да жүзеге асырылып, жаттығуға қатысушы өрт сөндіру көліктері қажетті сумен тұрақты түрде қамтамасыз етілді.

Семей ЖТ бөлімшесіне қарасты мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінің басшысы Мұрат Мұқажановтың айтуынша, жергілікті өрт сөндіру пойыздары кез келген тосын жайтқа дайын. Соңғы даярлық жұмыстары биылғы көктемгі комиссиялық бақылау кезінде толыққанды пысықталып, бүгінгі іс-шараға сақадай сай дайындықпен келген.  

– Оқу-жаттығу шеңберінде өткізілген іс-шаралар төтенше жағдайларға жедел жұмылдырылуы тиіс күш-құралдар жөніндегі алгоритмді пысықтауға мүмкіндік берді, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ көпфункциялы қызмет орталығы филиалы мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет тобының менеджері Ибрагим Жолмұханов.

Айта кетерлігі, оқу-жаттығу барысында ҚР ТЖМ вице-министрі, генерал-майор Ерлан Нұрпейісов теміржол құрылымының қызметін арнайы тексеріп, жоғары баға берді. Сонымен қатар өткен жылы дәл осы орман алқабындағы өртті сөндіруге белсенді түрде көмек көрсеткені үшін теміржолшылар қауымына алғысын білдірді.

ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Сыйластықпен өрілген өмір
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Станция кезекшісі
Аймақтар
01.05.2026
Көктемгі байқау – жазға дайындық
Аймақтар
01.05.2026
Сауатты әрекет етті
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
«Үздік маман» атану оңай емес
Қауіпсіздік
01.05.2026
Еңбекті қорғау күні атап өтілді
Қауіпсіздік
01.05.2026
Қауіпті аймақтың қатаң талаптары
Жаңалықтар
01.05.2026
«Кедентранссервис» АҚ мамандары ISO халықаралық стандарттары бойынша біліктілігін арттырды
Аймақтар
01.05.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Аймақтар
01.05.2026
Білім сайысында бақ сынасты
Спорт
01.05.2026
«Толағай» – отбасылық сайыс
Қауіпсіздік
01.05.2026
Тілсіз жауға тосқауыл
Жолаушылар тасымалы
01.05.2026
Пойыздағы 25 күн: Қазақстанның барлық өңірін аралаған саяхатшы
Жаңалықтар / Мұрағат
01.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 01 мамыр 2026 жыл
Әлемде
30.04.2026
Siemens Mobility Румыния үшін сутегімен жүретін пойыз жасайды
Аймақтар / Қауіпсіздік
30.04.2026
Практикалық семинар: «Менің идеалды жұмыс ортам»
Аймақтар
30.04.2026
Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида
Аймақтар
30.04.2026
Атырау дистанциясында еңбекті қорғауға арналған семинар өтті
Жолаушылар тасымалы
30.04.2026
ҚТЖ теміржол көлігімен жолда жүру ережелерін еске салды
Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
MyQaz.kz