Теміржол саласындағы терминдер мемлекеттік тілде «сөйлей» бастады

Аймақтар
20.05.2024, 13:55
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Еңбек жолын Шу станциясында пойыз құрастырушысының көмекшісі болып бастаған Арай Сеитов бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгергендердің мерейі үстем болып отырғанын айтады.  

Айтуынша, ұлттық компания теміржол саласындағы терминдерді біріздендіріп, қазақшалауда. Сондай-ақ тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-жоспарға сай теміржолшылар арасында «Қазтест» жүйесі арқылы диагностикалық тестілеу өткізуде.  

– Бұрын ауыл жастарына техникалық мамандықтарды оқытатын оқу орнында білім алу қиынға соғатын. Өйткені сабақ қазақ тілінде өткенімен, терминдердің бәрі ресми тілде. Жаттап алмаса, есте сақтау жеңіл емес. Одан кейін жұмысқа орналасып, өндіріске келгенде тағы біршама кедергілерге тап болып жататын. Қазір бәрі өзгерді. Өйткені терминдер мемлекеттік тілде «сөйлей» бастады, –дейді Арай Әлібекұлы.

Жамбыл облысы Шу ауданындағы Көктөбе ауылында туып-өскен ол  2002 жылы мектеп бітіріп, Алматы қаласындағы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының «Тасымалдауды ұйымдастыру» факультетіне оқуға түседі. 2007 жылы жоғары білімді дипломмен келіп Шу станциясына пойыз құрастырушының көмекшісі болып жұмысқа орналасады.  

– Теміржолда қалыптасқан дәстүр бойынша жоғары білімің болса да жұмысты ең төменгі лауазымнан бастаудың тек жақсы жағы болды. Сегіз жыл білікті маман, станция бастығы Кәрім Жидешевтің қол астында еңбек етіп, қозғалыс саласының барлық сатысынан өттім. 2015 жылы Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөліміне шақырту алдым, – деген  

Арай осы бөлімде биылға дейін жетекші инженер қызметін атқарып келіпті. Қазір Жамбыл бөлімшесінде автоматтандырылған басқару жүйесі бөлімінің бастығы қызметін атқаруда.

Ол мамандық таңдар кезде ата-анасының ақыл-кеңесін назарға алғанын айтады. Әкесі Әлібек Атабекұлы теміржол саласының болашағына зор сеніммен қарайтын жан екен, ұлының да осы саланың маманы болғанын жөн көрген.  

– Анам Баян Искакова Көктөбе ауылында пошта меңгерушісі болып жұмыс істейді. Екеуі де биыл зейнет жасына жетіп, құрметті демалысқа шығады. Жұбайым Гүлнұр Карбозова – мұғалім, бала-шаға тәрбиелеп отырмыз. Өзім ауылда туып-өскен соң ана тілінің уызына жарыған ұрпақпыз, содан да болар, әбден жатталып қалған ресми тілдегі техникалық терминдердің қазақша аудармасын тез таба қоямын. Мемлекеттік тіл дегенде, Мұхтар Шаханов ағамыздың «Тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ұлтымыздың биік тұғыры» деген сөзі есіме түседі. Сондықтан да әрбіріңізді теміржол саласына мемлекеттік тілді еркін енгізуге шақырамын, – деп ой бөліседі Арай Сеитов.

Жалпы теміржол саласындағы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, терминдерді қазақша сөйлету үдерісіне оқу орнын қазақ тобында бітірген мамандардың қосар үлесі көп болары сөзсіз.

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды