Разъездегі ескі нысандар модульді ғимаратқа ауысып жатыр

Аймақтар
23.05.2024, 15:28
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қиғаштан Сағызға дейін, Мақаттан Бейнеуге дейін 850 шақырымды құрайтын Атырау темір жолы бойында 58 шағын разьезд бар. Олардың көбінде жарты ғасырға жуық қызмет етіп, тозығы жеткен, әбден ескірген ғимараттар тұр.  Оларды жаңарту – кезек күттірмейтін мәселе.

Өйткені ескінің аты ескі, қолдануға қауіпті. Опырылып құлауы мүмкін, шұрық-тесік шатырынан су кетеді немесе өрт қаупі бар, т.т.

– Осындай келеңсіздіктерді болдырмау мақсатында Компания ескі разъездерді біртіндеп модульді ғимараттарға көшіруді бастады. Қазіргі уақытта апатты жағдайда тұрған, Құлсары-Бейнеу учаскесі аралығындағы №465 және №467 разъездер жаңа модульді ғимаратқа көшірілді. Алға қарай мұндай жұмыстар жалғасын табады. Ал ескі ғимараттар әуелі есептен шығарылып, сосын демонтажға жіберіледі, – дейді Атырау магистральдық желі директорының бірінші орынбасары Аманқос Жылқыбаев.    

Байқағанымыз, модульді үйдің көлемі бұрынғыдан әлдеқайда үлкен. Мұнда кезекшінің бөлмесі, бүкіл байланыс құралдары, СОБ, электр құрылғылары автоматтандырылған, сондай-ақ тамақтанатын және демалыс бөлмелері, тоңазытқыш, теледидар да бар. Аталған бекеттер жаңа орынға толықтай көшіріліп, қолданысқа енгізілген, толыққанды жұмыс жасап тұр. Сонымен қатар ғимарат алды абаттандырылып, брусчаткалар төселіп, ағаштар отырғызылып, айналасы абаттандырылған. Разъезде ауысыммен 4 кезекші жұмыс істейді.  

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды