Қызметкерлер мемлекеттік тілден тест тапсырды

Аймақтар
10.06.2024, 11:07
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстандағы мемлекеттік тіл – қазақ тілінің деңгейін көтеру, қолданыс аясын кеңейту кезек күттірмейтін іс. Осы бағытта ол іс жаңа сатыға көтеріліп келеді. Оған жуырда Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетінде өткен қазақ тілінен тест тапсыру шарасы дәлел болса керек.  

«Тестілеуді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» мен Атырау облысы Мәдениет және  тілдерді дамыту басқармасы, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Мемлекеттік органдар мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан Ұлттық банкі» Атырау филиалының, т.б. қызметкерлерінен диагностикалық тестілеуге барлығы 990 адам қатысты, ал сертификаттық тестілеуге 120 адам сұраныс беріп, ҚАЗТЕСТ (QAZTEST) жүйесі бойынша мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтады», – дейді орталық маманы Лаура Ғазизова. Соның ішінде ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-жоспарға сай өңірдегі 422 теміржолшы «Қазтест» жүйесі арқылы диагностикалық тестілеуге қатысты. Олар – Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшелерінің құрылымдық/еншілес мекеме қызметкерлері.    

«ҚТЖ» Компаниясының мемлекеттік тілді дамыту секторының меңгерушісі Ербол Тоқтағазының айтуынша, былтыр бұл тесттен Астанада 100 адам өтсе, биылғы жоспарда бүкіл өңірлерді қамти отырып, жалпы 3000 адамды диагностикалық тестілеу көзделіп отыр. Тесттің былтырғы нәтижесі бойынша ҚТЖ қызметкерлерінің 92 пайызы мемлекеттік тілді В1 және одан жоғары деңгейде білетіні анықталған. Ол кезде Орталық аппараттың, түрлі құрылымдық бөлімшелер мен филиалдар және еншілес ұйымдардың 100 қызметкері сынаққа қатысып, жазбаша түрде 1,5-2 сағат тест тапсырған. Тест сынақтары аудио тапсырма, лексикалық-граматикалық ережелер мен оқудан тұрды. Жалпы барлығы 100 сұрақ келеді. 20-39 балл жинағандар А1 деңгейіне, 40-59 балл жинағандар А2 деңгейіне, 60-74 балл алғандар В1, 75-89 балл алғандар В2 және 90-100 балл жинағандар С1 деңгейіне сәйкес келеді. Биыл бұл тестті Атырау өңірінің теміржолшылары 28-30 мамыр аралығында тапсырды.  

«Атырау магистральдық желі бөлімшесінен 160 адам қатысты. Олардың көбі құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен бас инженерлері, орынбасарлары, бөлім басшылары, станция, дистанция, депо қызметкерлері. 93% қазақы өңір үшін тест сұрақтары қиынға соға қоймас деп ойлаймын. Жалпы мұндай тест сынақтары мемлекеттік тіл саясатын жүргізуде қажет-ақ», – дейді Атырау магистральдық желі бөлімшесі персоналды басқару бөлімінің бастығы Анар Жалғасбаева.  

«Тестте 100 сұрақ болды. Тыңдалым, оқылым да өтті. Мектептен кейін ұмытып қалған көп нәрселерді еске түсірдік. Қанша дегенмен ана тіліміз ғой, көбіне дұрыс жауап берген сыңайлымын, нәтижесін кейін көрерміз. Жалпы, мемлекеттік тілге қатысты осындай шаралар жиі өтіп тұрса, ана тіліміздің бағы жанар еді», – дейді Атырау станциясының қызметкері Дина Есмұханова.  

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады