Қоршаған ортаны қорғау – игілікті іс

Аймақтар
11.06.2024, 11:24
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Атырау магистральдық желі бөлімшесінде экологиялық қауіпсіздікке арналған ауқымды шара өтті. Оған жол, электрмен қамту, байланыс дистанциялары, өрт сөндіру және қалпына келтіру пойыздары мен вокзалдар ұжымдары қатысты.

Жиынды бөлімше басшысының міндетін атқарушы Амангелді Рахмеденов ашып, қоршаған ортаның адамға әсері мен темір жол саласында оны қорғаудың жүзеге асырылып жатқан бірқатар тетіктерін атап өтті. Жалпы, барлық ұжымдарда экология күніне алдын ала дайындық төрт бағытты қамтыған: бірінші, ұжымдарда экология күнінің маңызын түсіндіру, сосын көрме, марафон, акциялар өткізу. Яғни экология туралы баяндамалар, қолдан жасалған экобұйымдар, бөлме гүлдері көрмесі, құстарға ұя жасау, сенбілік ұйымдастыру, жаяу жүру, пакетті экосөмкеге ауыстыру, т.б. көптеген шаралар орындалған. Жиын барысында осы аталған талаптардың орындалуын білдіретін бейнероликтер көрсетіліп, онда жоғарыда аталған әр ұжымның қоршаған ортаны қорғауға қалай атсалысатыны және қандай шаралар қолданылып жатқаны баяндалып, бір ұжымдарда бейне таспа көрсетілсе, бірінде тек слайдтар арқылы берілді. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен вокзал шаруашылығы бірінші орынды жеңіп алып, кәсіподақ атынан қаржылай сыйлық алды. Басқа ұжымдар да алған орындарына сәйкес марапатталды. «Экология – балалар көзімен» атты көрме ұйымдастырылып, онда бүлдіршіндердің қоршаған ортаны қорғау тақырыбын бояу қарындашпен бейнелеген еңбектері сарапқа салынды.  

Бөлімшенің еңбек қорғау және экология қызметінің жетекші инженері Ағния Қонысованың айтуынша, бөлімше бойынша экологиялық талаптар орындалып келеді. Мәселен, ауаға тарайтын зиянды қалдықтардың мөлшері 2022 жылы 54,56 тоннаны құраса, 2023 жылы ол 24,79 тоннаға азайған. Оның басты себебі – көмірмен жылытылатын пештердің электрмен жылыту жүйесіне ауыстырылуы. Сонымен қатар ауадағы озон қабатының жұқаруына алып келетін парниктік газдың мөлшері де азайған. Өткен жылы тұрмыстық қалдықтарды тапсыру 70 670,4 кг құрап, 23 175,4 мың теңгені құраған. 4 043 кг қалдық сұрыптауға жіберіліп, 703 880,00 теңге кіріс әкелген. Оның ішінде тек қағаз қалдықтары – 501 кг, пластик – 17 кг, жарамсыз аккумуляторлық батареялар – 3 425 кг. Бөлімше бойынша 3 секциялы сұрыптауға арналған барлығы 116 контейнер пайдаланылуда. Биылғы жылы жарамсыз компьютерлік техникаларды қабылдайтын ұйымдар ашылып, оларға 512,5 кг жарамсыз компьютерлік техника тапсырылып, ол үшін 26625,00 теңге кіріс кірген. Энергияны үнемдеу арқылы шығындарды оңтайландыру бойынша өткен жылда 300 дана ескі шамдар энергия үнемдейтін шамдарға ауыстырылып, экономия 392 000 мың теңгені құраған. «Кірпіні құтқар! Батарейка өткізіп, табиғатты сақта!» атты экологиялық жоба бойынша 2022 жылы 724, ал 2023 жылы 882 батарейка тапсырылған. Маманның айтуынша, жерге түскен бір батарейка бірнеше шаршы метр жер мен жәндікті бүлдіреді екен. Қоршаған ортаны қорғаудың бір жолы жасыл желектер десек, бөлімше бойынша былтыр 174 терек, ал биыл 214 терек отырғызылыпты.  

Жиын соңында жыл бойына жақсы жұмыс жасаған эколог-мамандар, атап айтқанда Атырау жол дистанциясының экологы Ж.Мендиян, Атырау ШЧ-8 – Ж.Айтимова, Ақжайық ШЧ-9 – Г.Тоқсанбаева, Құлсары ШЧ-11 – Р.Жаманшиев, ЭЧ-4 – А.Хасенова, вокзал шаруашылығы экологы М.Ізмұқанов марапатталып, оларға Алғыс хат табыс етілді.  

 

Жаңалықтар
20.12.2025
ҚТЖ мен RIKEN KOGYO Inc. қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы уағдаласты
Жаңалықтар
20.12.2025
Еліміздің бірқатар вокзалдарында жөндеу жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
20.12.2025
Қостанай өңіріне «ҚТЖ»-ның корпоративтік омбудсмені барды
Аймақтар
19.12.2025
Мұнайлы өңірдің жүк тасымалы күшейді
Аймақтар
19.12.2025
Білім-біліктілік сынға түсті
Аймақтар
19.12.2025
Өткеннен сабақ алу – міндет
Аймақтар
19.12.2025
Жолшылар сақадай сай дайын
Аймақтар
19.12.2025
Тәуелсіздік күніне тарту: Қызылордада еңбек озаттары марапатталды
ҚТЖ келбеті
19.12.2025
Еңбекпен өрілген өмір
Жаңалықтар / Мұрағат
19.12.2025
Қазақстан теміржолшысы газеті, №106 19 желтоқсан 2025 жыл
Қауіпсіздік
18.12.2025
Қараусыз мал – қауіпті
Жүк тасымалы / Инфографика
18.12.2025
ҚТЖ жүк тасымалы мен теміржолдағы оқиғаларға түсініктеме берді
Әлемде
18.12.2025
Қытайда жолаушылар ағыны өсуде
Әлеумет
18.12.2025
«Маңғыстау–Алматы» пойызында шетел азаматы түсіріліп 5 тәулікке қамауға алынды
Спорт
17.12.2025
Тәуелсіздік күніне орай теміржолшылар арасында волейболдан жарыс өтті
Жүк тасымалы
17.12.2025
Каспий мен Парсы шығанағы: Қазақстан мен Иран логистикалық серіктестіктің жаңа белесінде
Жолаушылар тасымалы
17.12.2025
ҚТЖ ауа райының қолайсыздығына байланысты пойыздарда қосымша орындар ұйымдастырды
Жолаушылар тасымалы / Инфографика
16.12.2025
Осы жылы ҚТЖ пойыздарымен 12,2 млн жолаушы тасымалданды
Жаңалықтар
16.12.2025
Талғат Алдыбергенов теміржолшыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Жаңалықтар
16.12.2025
«Қазтеміржолкәсіп» ҚБ төрағасы теміржолшыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтады