Арыс станциясында жүк вагонға ұрлыққа түскен күдіктілер ұсталды

Аймақтар
11.06.2024, 11:35
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Түркістан филиалының Арыс станциясындағы атқыштар командасының қызметкерлері екі бірдей ұрлықтың алдын алды.

Команда бастығы Қайыржан Қонысбековтің айтуынша, таңалакеуімде станция аумағында қызметтік міндетін атқарып жүрген күзетші Н.Сәдуақас аға күзетші Н.Өмірзақовқа хабарласып, солтүстік парктің 12 жолында тұрған жүк пойызындағы вагонның қорғасын бекітпесін (пломба) бұзу әрекеті болғанын хабарлайды.  

Едел-жедел оқиға орнына барған мамандар қорғасын бекітпесінің бұзылғанын растап, күдіктінің аккумулятор батараеясын ұрлауға әркеттенгенін анықтаған. Атқыштар командасының күзетшілері Е.Боранбаев пен К.Атамқұлов жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірлесе жұмыс жүргізуі нәтижесінде 1998 жылы туған Н. А. есімді азамат тұтқындалды.  

Көп ұзамай атқыштар командасының тағы бір күзетшісі А.Нұранбаев та ұрлық оқиғасын әшкереледі. Сұрыптау паркінің 85-ші жолында тұрған вагондардың кран-шүмегінің шеткі бөлігі шешілгенін байқаған ол дереу тиісті орындарға хабар береді. Оқиға орнына сол сәтте-ақ мобильді жедел анықтау тобының қызметкерлері мен құқық қорғау органының өкілдері жетіп, ізін суытпай әрекет ету нәтижесінде 1992 жылы туған М. Д. есімді азамат күдікке ілінеді. Өкінішке орай, тергеп-тексеру соңында вагон бөлшегін ұрлаған күдікті станцияда белгі беруші болып жұмыс істейтіні анықталған.  

– Қазіргі кезде күдіктілерге қатысты құзырлы органдар тарапынан іс қозғалды. Дерек, дәлелдердің барлығы тергеушілерге ұсынылды, – дейді Арыс станциясындағы атқыштар командасының бастығы Қ.Қонысбеков.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды