Майталман маман құрметті демалысына шықты

Аймақтар
27.06.2024, 12:29
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ-ЖТ» ЖШС – «Қызылорда ЖТ бөлімшесі» филиалына қарасты  Қызылорда локомотив пайдалану депосы ұжымы аймаққа танымал теміржолшы Болат Қалмахановты зейнет жасына құрметпен шығарып салды.

Өмірдің сан түрлі соқпағынан өтсе де алдына қойған мақсатына жету үшін күресе жүріп, жеңіс тұғырын бағындырған теміржолшыны әріптестері ерекше құрметтеп, бағалайтын. Төсінде «Адал еңбегі үшін», «Құрметті теміржолшы» төсбелгілері жарқыраған Болат Ажайұлын депо басшысы Нұртай Байғазы, бас инженер Қайрат Ибадуллаев, кадр бөлімі басшысы Шарида Сембиева, кәсіподақ ұйымы жетекшісі Еркін Асанханов, басшылық құрам өкілдерінен пайдалану цехы бастығының орынбасары Жанатбек Жүнісов шын жүректен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.  

– Сіз теміржол саласындағы ең ауыр да жауапкершілігі зор локомотив шаруашылығында еңбек жолыңызды 1977 жылы Қызылорда локомотив депосында локомотивті жөндеуші слесарі қызметінен бастап, локомотив бригадалары резервінің бастығына дейін әртүрлі еңбек сатыларынан өтіп, барлық лауазымды абыроймен атқардыңыз. Сізге локомотив шаруашылығының дамуына қосқан қомақты үлесіңіз бен ұзақ жылғы адал еңбегіңіз үшін алғысым шексіз! Сізге зор денсаулық, шаңырағыңызда ырыс-ынтымақ арта берсін, – деді депо басшысы Нұртай Байғазы.

Депо тарихында өзіндік сара жол салып, өшпес із қалдырған Болат Қалмаханов депода жұмыс жасаған жылдарында әділдігімен, шындықты бетке айтатын өткірлігімен ерекшеленген азамат. Бір жылдары машинист көмекшісі бола жүріп, сапар барысында ауыр жағдайға душар болып, аурухана төсегіне танылған кезде де мойымай, тағдыр салған жүкті нық көтере білді. Кейін болмысына біткен қайсарлығының арқасында деподағы жұмысын жалғастырып, өшпес еңбектің үлгісін көрсетті.  

Теміржол саласында жасаған 46 жылдық еселі еңбек жолында талай белестен көрінді. Майталман маман ретінде ізін басқан інілеріне үлгі-өнеге, тәлімгер бола білді. Ал бүгін туысындай болып кеткен әріптестері жиналып, зейнетке шығарып салып отыр. Жиын соңында депо ұжымы атынан кәсіподақ ұйымының жетекшісі Еркін Асанханов Болат Қалмахановтың иығына шапан жауып, басына бөрік кигізіп, Сарыағаш емдік-сауықтыру орталығына жолдама берді.  

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті